- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігі есептік құжаттарды 22%-ға қысқартты
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі есептік құжаттарды 22%-ға қысқартты
Осы орайда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2017 жылғы 22 ақпанда «Денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарын бекіту туралы» №31 бұйрық шығарды. Аталған нормативтік құжат арқылы 2013 жылғы 6 наурыздағы №128 бұйрыққа түзетулер енгізілді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Түзетулер өткізілген телемедициналық кеңестер мен бейнеконференция сеанстарының саны, қатерлі ісік аурулары және онымен сырқаттанған азаматтар, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі мен желісі, медициналық және фармацевтикалық кадрлар және т.б. бойынша есептердің үлгілеріне қатысты.
Бұйрық ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетімен, облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы денсаулық сақтау басқармаларымен, Денсаулық сақтау мен әлеуметтік даму мәселелері бойынша Қоғамдық кеңеспен, «Атамекен» ҚР ҰКП-мен, кәсіби медициналық және фармацевтикалық бірлестіктермен, ҚР ДСМ ведомствоға бағынысты ұйымдармен келісілді.
Естеріңізге сала кетейік, аталған шаралар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес есеп құжаттарының үлгілерін оңтайландыруға, денсаулық сақтау саласындағы статистикалық есеп берудің ұлттық жүйесін «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге негізделген.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция