- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық кәсіпкерлер Малайзиядағы бизнес- форумға қатысады
Қазақстандық кәсіпкерлер Малайзиядағы бизнес- форумға қатысады
«Іскер орта өкілдері мен ресми тұлғалар кен-металлургия, машина құрылысы, агроөнеркәсіп, энергетика мен медицина секторларындағы әріптестік мәселелерін қарап, екі ел арасындағы инвестициялық мүмкіндіктерді талқылайды», - делінген хабарламада.
Шараның спикерлері ретінде Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар минисрлігінің инвестиция комитеті төрағасының орынбасары Руслан Тасбергенов, Қазақстан Республикасның Сауда-өндірістік палатасының вице-президенті Аян Еренов, сонымен қатар «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестиция Ұлттық агенттігінің өкілдері қатысады.
Шара аясында қазақстандық және малайзиялық компаниялардың екі жақты кездесулері ұйымдастырылып, онда нақты мәселелер бойынша әріптестік жағдайлары назарға алынады.
Айта кету керек, ҚР мен Малайзияның сауда айналымы өте қарқынды дамып келеді. Мысалға, 2011 жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 97,1 млн долларға жетсе, 2012 жылы бұл көрсеткіш 109 млн долларды құрады.
1996 жылдың 27 мамырындағы ҚР мен Малайзия Үкіметі арасындағы Сауда келісіміне сай, Біріккен қазақстанық-малазиялық сауда-экономикалық комитет құрылды. Оның төрағалары болып Қазақстан жағынан Экономикалық даму және сауда министрі Б.Сағынтаев пен Малайзия жағынан Халықаралық сауда мен инвестиция министрі Датук М.Мұхаммед сайланды.
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау