- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Қырғызстан екі арасында су ресурстарын бөлу жағдайын талқылады
Қазақстан мен Қырғызстан екі арасында су ресурстарын бөлу жағдайын талқылады
Кездесуге облыс әкімінің орынбасары, аудан әкімдері, облыстық басқармалар және аумақтық басқармалар басшылары, орталық атқарушы органдардың "Қазсушар"РМК-ның облыстық филиалының директоры қатысты.
Кездесу барысында, біздің мемлекеттеріміз арасындағы су ресурстарын бөлудің, Шу және Талас облыстарындағы трансшеқаралық өзендерін суын бөлу мәселелері атап өтілді. Сондай-ақ, Жамбыл облысында тұтынатын судың 80 пайызы шекаралас қырғыз елінен келетіндігі айтылды.
« Бұдан бөлек 2016 жылы Киров су қоймасының қашты суы орын алған, сондай-ақ бірнеше рет су қоймасының шлюздері ашылып және жабылды, сол салдардан Талас өзенінің жағалауы тез арада шайылып кетті. Біздің облыстың кейбір аудандарда төтенше жағдай туындаған елді мекендерге ондаған миллион теңгеге залал келтірілген»,- деп назар аударды Жамбыл облысының әкімі.
«Көрші облыстардан сұраныс болса біз өзіміздегі өнімдерді тасымалдап, тауар айналымының ұлғаюына ықпал етеміз»,- деді өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев.
Бұдан әрі, екі жақ сауда-саттық саласындағы маңызды мәселелерді шешу жайы сөз болды. Азық-түлік тауарларын ешбір кедергісіз Жамбыл облысының сауда нүктелеріне жеткізу және Жамбыл облысында Қырғыз елінің кәсіпкерлері мен тауар өндірушілерінің азық-түлік жәрмеңкелерін өткізу жайы қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша, екі жақтағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін Жамбыл облысы әкімдігі мен Қырғыз Республикасының Талас облысындағы өкілдіктері арасындағы бірқатар Меморандумдарға қол қойылды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды