• Басты
  • Қазақстанда 8 289 жалпы үйге ортақ жылу есептегіш құралын орнатуды ЕҚДБ қаржыландырады
28 Ақпан, 2017 19:54

Қазақстанда 8 289 жалпы үйге ортақ жылу есептегіш құралын орнатуды ЕҚДБ қаржыландырады

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ЕҚДБ вице-президенті Пьер Хейльброн бастаған Еуропалық қайта құру және даму банкінің делегациясымен кездесті, деп хабарлады ИДМ баспасөз қызметі.
Қазақстанда 8 289 жалпы үйге ортақ жылу есептегіш құралын орнатуды ЕҚДБ қаржыландырады

Кездесу барысында ЕҚДБ мен «ТКШ дамыту Қоры» АҚ арасында жалпы үйге ортақ жылу есептегіш құралдарын орнату мен жылуды пайдалануды реттеу жүйесін автоматтандыру мәселелері бойынша несиелік келісімге қол қойылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында республиканың тұрғын үй қорына толық масштабта жалпы үйге ортақ жылу есептегіш құралдарын орнату жобаларын «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту Қоры» АҚ сәтті жүзеге асырды.

2014-2015 жылдары Қордың жарғылық капиталын толықтыру үшін мемлекеттік бюджеттен 6 млрд. теңге бөлінген болатын. Бағдарламаны жүзеге асыру аясында Қор 8 289 жалпы үйге ортақ жылу есептегіш құралын орнату бойынша 2016 жылдың аяғына дейін 5,6 млрд. теңгенің және 2017 жылдың 1 наурызына дейін 400 млн. теңгенің қаржылық лизинг келісімін бекітті.

Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің дерегі бойынша еліміздің тұрғын үй қорына қосымша 12 мың құрылғы қажет.

ЕҚДБ-мен ынтымақтастық бағдарламасы аясында жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда. Осы шараларды займ арқылы қаржыландыру ТКШ дамыту саласына бюджеттен тыс инвестиция тартудың тамаша үлгісі болмақ.

8300 жалпы үйге ортақ жылу есептегіш құралын орнатудың тиімділігі мынадай:жылу энергиясын пайдалануды дәл есептеу жолға қойылады; нормативтен тыс шығындар азаяды және тұтынушылар 30%-ға дейін үнем жасай алады.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды