- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында корей компаниясы полиметаллды барлаумен айналысады
Қарағанды облысында корей компаниясы полиметаллды барлаумен айналысады
Қарағандыда бірлескен бірыңғай медициналық ақпарат орталығы ашылды. «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің және өңірлік кәсіпкерлер палатасының бастамасымен бизнес-форум ұйымдастырылды.
Форум барысында аймақ басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарағанды облысы мен Корея Республикасының арасындағы байланыс туралы айтып берді.
«1994 жылы Қарағанды қаласы мен Сеул қаласының Сонг Па округымен арасындағы бауырластық туралы келісімге қол қойылды. 2010 жылы Қарағанды облысының әкімдігі мен Ульсан метрополиясы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі келісім жасасты. 2015 жылы қазан айында Корея Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Чо Ёнгчон бастаған делегация Қарағанды облысына ресми сапарммен келді», - деді облыс әкімі.
Аймақта корей әріптестерінің қатысуымен 24 кәсіпорын құрылды. Олардың қызмет ету саласы – тау-кен және өңдеу өнеркәсібі, көтерме және бөлшек сауда, көлік және қоймалау, құрылыс, тұру мен тамақтану бойынша қызметтер, кәсіпқой және ғылыми-техникалық қызмет, басқа да қызмметтер.
«Қарағанды облысында Дүйсембай учаскесінде «Korea Resources Corporation» және «Қазгеология» АҚ арасындағы полиметаллды барлау бойынша бірлескен жоба жүзеге асырылуда. 2015-2016 жылдары далалық, геологиялық барлау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі кезде камералды және зертхана жұмыстары жалғасуда», - деп хабарлады Нұрмұхамбет Әбдібеков.
«Сарыарқа» АЭА аумағында Корея Республикасымен құбырлар мен фасондық бұйымдар шығаратын бірлескен зауыт жұмыс істейді, деп еске салып өтті облыс басшысы.
Аймақ әкімі қонақтарға туризм саласындағы байланыстарды дамытуды ұсынды.
Тэгу қаласының вице-мэрі Ким Ён Чан ынтымақтастыққа мүдделіілік танытты.
Форум барысында іскерлік қарым-қатынасты дамыту туралы екі келісімге қол қойылды.
2016 жылы Қарағанды облысының Корея Республикасымен сыртқы сауда айналымы 9,7 млн. АҚШ долларын құрады (жалпы көлемнің 0,3%). Бұл толығымен импорт сомасы.
Облыс Кореядан бульдозерлер, экскаваторлар, тиегіштер мен жол тегістейтін катоктар; электродәнекерлеу машиналары мен аппараттарын; жону станоктарын; мұнай және мұнай өнімдерін; металл илемдеу орнақтарын және арқаулар; темірден немесе қоспасыз болаттан жасалған прокат; этилен полимерлерін; пропилен полимерлерін; шыны-талшықтар; плиталар, пластмасс табақтар; азық-түліктер импорттады.
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Жамбыл облысында 5000-нан аса дәрігерлер мен мұғалімдер екпе салдырды -
Қарағанды облысында мұғалімдер вакцина ала бастады -
Е.Алтынбеков: Жамбыл облысында адвокаттар саны артып, нотариус қызметіне өзгерістер енгізілді -
Биыл Жамбыл облысындағы әлеуметтік көмектер мен оңалту құралдары портал арқылы берілмек -
Қарағандыдағы геохимиялық зертхана 40 мың геологиялық сынамаға зерттеу жүргізді