• Басты
  • Жаңалықтар
  • Тәуелсіздік күніне орай АрселорМиттал Теміртау үш экологиялық нысанды іске қосты

Тәуелсіздік күніне орай АрселорМиттал Теміртау үш экологиялық нысанды іске қосты

16 Желтоқсан, 2013 10:15
ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық комбинатында үш нысан іске қосылды. Олардың барлығы табиғатты қорғау шаралары бағдарламасына кіреді, деп хабарлайды «BNews.kz» агенттігі.

«Теміртау металлургия комбинатында су дайындау, агроөндірісте шаң тазалау және конвертті цехта газ тазалау кешендері іске қосылды», - делінген хабарламада.

Осы жобаларды іске асырудың арқасында өңірдегі экологиялық жағдай айтарлықтай өзгерді.

Су дайындау кешені бір сағатта 400 куб метр тұзды суды дайындау қуаттылығына ие. Тұздан осылайша тазаланған су бірден  тазартылған суға айналып шыға келеді. Шикізат ретінде мұнда Самарқанд су қоймасының кәдімгі техникалық суы пайдаланылады. Химиялық тазалау мен кері қаралудан өткеннен кейін су дистиллят деңгейіне дейін тазаланады. Тазаланған судың басты тұтынушылары конвертті цех, №2 домен пеші, домен болып табылады. Алдағы уақытта бұлардың қатарына ЖЭС-да қосу жоспарданып отыр.

«Су дайындау кешені теңдессіз құрылғылармен жарақтандырылған. Мұндай қондырғылар посткеңестік елдерде атымен жоқ. Онда атақты әлемдік брендтердің заманауи жаңа мембранды жүйелері пайдаланылады. Сонымен қатар, елімізде алғаш рет есептеу және автоматтау жүйелері қойылған. Осылардың арқасында өндіріс орны отыз жыл жөндеусіз жұмыс істей алады», - дейді жоба менеджері Александр Лир.

Жобаны іске асыру уақыты 18 ай.Ал оны құны 5 миллион доллардан асып жығылады.

Агломерациялы өндірістің технологиялық құрылғысында үш агломашина мен үлкен конвейер желісі бар. Және ол комбинаттағы шаңды тазалаудың басты құралы болып табылады. Осы цехтардың барлығында 55 аспирантты құрылғы мен 6 газ тазалау қондырғысы жұмыс істейді. 

Барлық жаңалықтар