- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында ақпараттық технологиялар жемісті дамып жатыр
Ақтөбе облысында ақпараттық технологиялар жемісті дамып жатыр
Жиналысқа қатысушылар кезекке сәйкес жер телімдерін бөлу жұмыстарын оңтайландырып, адамдардың араласуын болдырмау, бес мың қайталанған өтініштерді есептен шығару, тиімсіз пайдаланған жағдайда жер телімдерін қайтарып алу үшін тізімдер жасауға және т.б. мүмкіндік беретін «Жер қатынастары» жүйесін енгізудің нәтижелері туралы ақпаратты тыңдады.
Басқарушылық шешімін қабылдау үшін облыстың жедел және негізгі 150-ден астам әлеуметтік-экономикалық мәліметтерін сараптайтын «Жетекші тақтасы» тұсауы жеке кесілді.
Атап айтқанда, төтенше жағдай, жедел жәрдем желісі, қылмыс пен жол көлік оқиғасы, халықтан түскен шағымдар мен үндеулер, актілер мен тапсырмаларды бақылау, жер серігі мәліметтері бойынша өрттің болуы және т.б. секілді мән-жайлар қамтылатын 30 минуттан басталатын мерзімділікпен жаңартылып отыратын мәліметтері бар «Жедел талдап-бақылау» модулі енгізілді.
Қылмыстар мен жол-көлік оқиғалары көбірек орын алатын учаскелер мен 18 жастан үлкен тұрғындардың қоныстануы бөлінісін анықтайтын сараптамалық модуль жасалды, автоматтандырылған май құю бекеттері мен сауда нүктелеріне дейін мәліметтерді нақтылаумен жанар-жағармай материалдары және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасын талдап-тексеру модулі жүзеге асырылды, күшті және әлсіз жақтарын анықтаумен аудандар мен Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мәліметтерін құрайтын аудандардың төлқұжаты енгізілді.
Нақты уақыт тәртібінде Ақтөбе қаласының, коммуналдық базарлардың, әлеуметтік маңызы бар нсандар құрылысының және т.б. бақылау камераларына қол жеткізуге мүмкіндік орнады.
«Өңірде 2015-2019 жылдарға арналған МИИДБ аясында жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар бойынша нақты ақпараттары бар мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы, соның ішінде олардың ағымдағы жүктемесі туралы сараптамалық модуль жұмыс жасайды»,-деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
Өзекті мәліметтерді алу мақсатында ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің, ҚР ҰЭМ статистика жөніндегі комитеттің және т.б. ақпараттық жүйелерімен бірігу өткізілді.
Бұдан басқа, жиында көлік кептелісін 20% азайтуға мүмкіндік беретін ақылды бағдаршамдарды енгізу, жанармай шығынын 12% және зиянды заттар қалдығын 7% төмендету секілді тұрғындар өмірін жақсартуға бағытталған келешігі бар бірнеше жобаның тұсауы кесілді.
Қала тұрғындарын қоғамдық көліктердің аялдамалардағы қозғалысы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жүйесін бақылау туралы ақпараттандырудың автоматтандырылған жүйесінің «электронды денсаулық сақтауын» енгізумен байланыст, сонымен қатар қоқыс жинайтын машиналардың бағытын жоспарлау үшін қоқыс жәшіктеріндегі қоқыс деңгейі туралы ақпаратты сараптауға мүмкіндік беретін қоқыс жинаудың ақылды шешімдеріне қатысты «Мобильді инспектор» жобасының мәселелері қаралды.
Жиналыс соңында облыс әкімі жауапты мемлекеттік органдарға ақпараттық технологиялардың даму мәселесін қатаң қадағалауды, оларды толық біріктіруді, сонымен қатар барлық көтерілген ұсыныстарды жекелей зерттеп, пысықтауды тапсырды.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр