• Басты
  • 2018 жылдың соңына дейін астаналық 84 мектеп «Smart-мектеп» жүйесімен қамтамасыз етіледі (ВИДЕО)
28 Ақпан, 2017 17:12

2018 жылдың соңына дейін астаналық 84 мектеп «Smart-мектеп» жүйесімен қамтамасыз етіледі (ВИДЕО)

Мектеп процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және автоматтандыру үшін «Smart-мектеп» жобасының осы кезеңінде 2017 жылдың соңына дейін 22 астаналық мектепті қамтамасыз ету жоспарланса, 2018 жылдың соңына дейін осы жүйемен Астананың 84 мектебі қамтылатын болады. Бұл туралы Астана қаласының білім басқармасы басшысының орынбасары Әнуар Жанғозин және «Astana Innovations» АҚ бас менеджері Нұрбек Жетпісов Strategy2050.kz АА-ға берген айрықша сұхбатында айтты.
2018 жылдың соңына дейін астаналық 84 мектеп «Smart-мектеп» жүйесімен қамтамасыз етіледі (ВИДЕО)

«Қазір қаланың кейбір мектептерінде турникет, бейнебақылау жүйелері бар және біздің міндетіміз – қалған мектептерді соңына дейін қамтамасыз етіп, мектепке қолжетімділікті бақылау мен қамтамасыз ету бойынша жалпы орталықтандырылған жүйе құру», - деді Ә. Жанғозин.

Ол осы функционал аясында әрбір оқулықты карточкамен қамтамасыз ету көзделетінін айтты. 

«Қазір осы карточканы қоғамдық көлікте жол жүрумен байланыстыру және осы карточкамен турникет арқылы мектепке кіру мәселесі пысықталуда», - деп атап өтті Ә. Жанғозин.

Сондай-ақ, ол мектептер бейнебақылаумен және бірыңғай электрондық кітапханамен қамтамасыз етілетіні туралы хабарлады.  

«Қауіпсіздік мақсатында мектептің барлық жерлері бейнебақылаумен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, мектеп жұмысының тиімділігі үшін бірыңғай электрондық кітапханамен қамтамасыз ету жоспарланған, бұл тек электрондық оқулықтар ғана емес, яғни қазір барлық мектептердің кітапхана қорларын ішкі түгендеуді жүргізіп, барлық кітапхана ресурстарын есепке алудың бірыңғай электрондық жүйесін құру міндеті тұр. Бұл кітаптардың қалай сатып алынып, қалай берілетінін және т.б. орталықтан қадағалау үшін жасалып отыр», - деп хабарлады Ә. Жанғозин.

Білім басқармасының өкілі атап өткендей, келесі функционал – бұл бірыңғай электрондық бухгалтерия.    

«Бірыңғай электрондық бухгалтерия барлық мектептерді біріктіреді. Бұл жерде барлық мектептер бойынша жалпы көріністі, қандай ресурстардың бар екенін, ненің қалай жұмсалып, қалай бөлінетінін және т.б. көру маңызды», - деп атап өтті Ә. Жанғозин.

Сондай-ақ, ол ата-аналар үшін ақылы негізде СМС-хабарлама қосымша функциясы болатынын айтты.

«Ата-аналардың қалауы бойынша СМС-хабарлама қызметі ұсынылады, яғни олар баланың мектепке қашан кіргені және қай уақытта шыққаны туралы смс алады. Алайда, оның барлығы ақылы негізде ұсынылады», - деді Ә. Жанғозин.

«Astana Innovations» өкілінің айтуы бойынша, олар өз тарапынан 20 мектепте енгізудің алдыңғы тәжірибесін зерттеп, кейбір модульдерді қайта қараған, яғни қауіпсіздікті, бейнебақылау мен қолжетімділікті басқаруды бақылау жүйесін қамтамасыз етуге баса назар аударған және онлайн-бухгалтерия, оқу процесін бағалаудың автоматты әдісі сияқты функционалдарды қосқан.

«Осылайша, мұғалімдерде оқу процесін бағалаудың электрондық форматы болады. Білім басқармасы әр мектепті бір орталықтан бақылайтын болады. Осының барлығы ашық порталға шығарылады», - деп қосты Н. Жетпісов.

Сондай-ақ спикерлер қазіргі уақытта 2017 жылдың соңына дейін 22 астаналық мектепті қамтамасыз ету және 2018 жылдың соңына дейін осы жүйемен Астананың 84 мектебін қамту жоспарланып отырғанын атап өтті.  

Қайрат Жандыбаев

Видео Арман Мұхатов

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды