- Басты
- Жаңалықтар
- Астананың этномәдени орталықтары Алғыс айту күнін атап өтті (ФОТО)
Астананың этномәдени орталықтары Алғыс айту күнін атап өтті (ФОТО)
Астана қаласындағы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынованың мәліметі бойынша астанада бүгінгі күні 130 этнос бар деп есептеледі.
«Астаналық Ассамблеяда 24 этномәдени бірлестік бар. Біз алғаш рет 11 этномәдени бірлестікті бір үй-жайда орналастырдық. Жыл сайын республика деңгейінде жоспарланатын оқиғаларға сәйкес жоспарлар құрамыз. Биылғы жыл, әрине, ЭКСПО-2017 көрмесіне арналады. Бұл барлық этномәдени бірлестіктер үшін өз шығармашылығын, даму деңгейін көрсету үшін қолайлы негіз. Осы ауқымды іс-шараға көптеген елдер қатысады деп сенеміз. Тарихи отанымыздан қонақтарды біздің этномәдени бірлестіктеріміз қарсы алады», - деді Л. Құсайынова.
Оның айтуы бойынша, ЭСКПО-2017 көрмесі қарсаңында этномәдени бірлестіктердің әр түрлі концерттері, тұсаукесер-көрмелері және шетелдік мемлекеттердің делегацияларымен кездесулері күтіледі.
Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі Видади Салахов Қазақстан халқына алғыс білдірді.
«Бүгінде «Хазар» әзірбайжан мәдени орталығының өз бұрышы бар. Мен қазақ халқына, қазақ жеріне бейбіт әрі тыныш өмір сүріп, жұмыс істеу мүмкіндігі үшін үлкен алғыс білдіремін. Президент Нұрсұлтан Назарбаев бірінші күннен бастап Қазақстан халқы этникалық тегіне қарамастан, бірлігін жоғалтпауға тиіс екенін қайталап айтып келеді», – деп атап өтті В. Салахов.
Іс-шарада әрбір этномәдени бірлестік өз шығармашылығын көрсетіп, барлық қонақтарға дәстүрлі тағамдарын ұсынды.
Айта кету керек, Қазақстанда Алғыс айту күні осымен екінші рет атап өтілуде. Ресми түрде мереке Президенттің 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен 1 наурызда атап өтіледі.
Ақбота Күзекбай
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Карантин жағдайында Құрбан айт қалай атап өтіледі -
Е.Өстеміров: Тексерулерге енгізілген мораторий жемқорлық қатерлерін азайтуға мүмкіндік береді -
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Қазақстандықтар жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін онлайн режимде ала алады