• Басты
  • Ляззат Ақтаева ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
28 Ақпан, 2017 17:53

Ляззат Ақтаева ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №97 қаулысымен Ақтаева Лязат Мейрашқызы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Ляззат Ақтаева ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

1988 жылы ол Алматы мемлекеттік медициналық институтын, 2003 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдады.

Өз еңбек жолын Лязат Мейрашқызы 1988 жылы Астана қаласындағы №3 және 15 перзентханаларының акушер-гинекологы болып бастады.

1993-1997 ж. С.Д. Асфендияров атындағы АММУ акушерлік пен гинекологиялық кафедрасының ассистенті болып жұмыс істеді.

1997-2003 жылдары Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бас акушер-гинекологы, 2003-2009 жж. – Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

2009-2015 жж. Ұлттық медициналық холдинг басқарма басшысының кеңесшісі, Республикалық диагностикалық орталықтың медицина мәселелері бойынша директоры, Астана қаласы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының басқарушы директоры, бас директордың орынбасары ретінде еңбек етті.

2013 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы денсаулық сақтау саласы қызметтерін дамыту орталығының жетекшісі болып тағайындалып, 2014 – 2015 жж. Астана қаласындағы «Денсаулық қаласы» диагностикалық емханасының медициналық директоры, директор қызметтерін атқарды.  

2015 жылы Алматы менеджмент университетінің «Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент» бағдарламасының жетекшісі болды.

2015-2016 жж. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық қызметтерді стандарттау департаментінің директоры болып қызмет етті.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалғанға дейін ол ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы директорының орынбасары, директоры болды.

Лязат Ақтаева – медициналық ғылымдар докторы.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды