- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуларды қазынашылық сүйемелдеу енгізіледі
Қазақстанда құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуларды қазынашылық сүйемелдеу енгізіледі
«Ұлттық статистика органдарының ресми мәліметтері бойынша Қазақстанда көлеңкелі экономика көлемі ІЖӨ-нің 20% кем емес. Оның басты құраушыларының бірі мемлекеттік сатып алулар кезінде жалған кәсіпорындар арқылы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру арқылы бюджет қаражатын жұмсаумен байланысты қылмыстар болып табылады. Мұндайда бөлінген ақша қаражатының үштен бір бөлігі «құрылыс» және «сауда» салаларына тиесілі.Бюджет заңнамасы мен мемлекеттік сатып алулар туралы заңды бұзудың басым үлесі құрылыс саласына тиесілі. МКК мәліметтері бойынша 2016 жылы 380 қылмыстық істің 115-і құрылыс саласына тиесілі, бұл 30,2% құрайды », - деді Б.Сұлтанов.
Жоғарыда аталған олқылықтарды жою мақсатында құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуларды қазынашылық сүйемелдеу енгізіледі, бұл төлемдердің айқындығы, салықтың толық төленуін, құрылыс сапасын бақылауды, бюджет қаражатын мақсатты пайдалануды, қазақстандық құрауышты бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Құрылыс саласында мемлекеттік сатып алуларды қазынашылық сүйемелдеу тетігі мемлекеттік органдармен, бизнес қауымдастығымен халықаралық тәжірибені және квазимемлекеттік және банк секторындағы есепшоттарды бақылаудың қолданыстағы тетіктерін талқылауды ескерумен әзірленді. Халықаралық тәжірибені ескерумен алғаш рет тәжірибеге жобаны басқаратын супервайзерлер (инжинирингтік компаниялар) қызметтері тартылатын болады, олар құрылыс сапасын ғана емес, барлық шығындардың негізді жұмсалуын қадағалайды.
Биыл бұл тетік үш аймақта (Астана қаласында, Ақмола және Қарағанды облыстарында) апробацияланатын болады.
«Қазынашылық сүйемелдеуді енгізу бойынша Жол картасы бекітілді. Пилоттық жобаны енгізу қорытындылары бойынша құрылыс саласында мемлекеттік сатып алуларды қазынашылық сүйемелдеуді нормативтік бекіту үшін ҚР заңнамасына түзетулер пысықталатын болады»,- деді министр.
Қайрат Жандыбаев
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар