- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмолалық туроператорлар ЭКСПО-2017 көрмесі аясында 7 туристік пакет әзірледі
Ақмолалық туроператорлар ЭКСПО-2017 көрмесі аясында 7 туристік пакет әзірледі
Ақмола облысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Дәурен Әділбековтың төрағалығымен облыстық басқармалар мен ведомстволардың басшыларының қатысуымен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық мәселелері жөнінде кеңес өтті.
Кездесуде Щучье-Бурабай курорт аймағында шетелдік туристерді қабылдау және оларға қызмет көрсету, Ақмола облысының Мәдениет күндерін өткізу, сондай-ақ Астана қаласына азық-түлік тауарларын жеткізу жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысы талқыланды.
Бүгінгі таңда облыстың туроператорлары облыстың 30-дан астам үздік туристік бағдарын (автобуспен, жаяу жүргіншілер, атпен, су арқылы және т.б.) қамтитын 7 туристік пакет әзірледі, бұдан бөлек, Бурабай курортына бару Алматы және Астана қалаларының жетекші туроператорларының турпакеттеріне енгізілген.
Бұдан бөлек, облыстық әкімдік ақпараты бойынша, Астана қаласы мен Ақмола облысының әкімдіктері арасында жасалған Меморандум аясында Ақмола облысының тауар өндірушілері үшін одан әрі қолайлы жағдайлар жасау және жаңа мүмкіндіктер беру бойынша жұмыс жалғасуда.
Ақмола облысының Мәдениет күндерін 20-25 маусымда өткізу жоспарлануда. ЭКСПО көрмесінің амфитеатрында облыстық филармонияның кәсіби шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» атты гала-концерт өтеді.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Жолдаудағы саяси реформалар пакеті: Ауыл әкімдерін сайлау, партиялардың өту шегін төмендету, «барлығына қарсы» бағаны -
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
Елордада белгілі кескіндемеші Кәміл Моллашевтің жеке көрмесі ашылды -
Мәжілістің жаңа сессиясы аясында қандай заң жобалары қаралмақ