- Басты
- Жаңалықтар
- 2017 жылы қазақстандық мектептер үшін 11 мыңнан астам мультимедиялық жиынтық сатып алынбақ
2017 жылы қазақстандық мектептер үшін 11 мыңнан астам мультимедиялық жиынтық сатып алынбақ
«Өткен жылы осындай 7 300 жиынтық сатып алынса, 2018 жылы тағы 12 000 жиынтық сатып алу жоспарланып отыр. Барлық ауыл мектептерінде барлық пәндер бойынша үздік бейнесабақтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету міндеті қойылған. Бүгінде бізде балалар үшін үш тілде 50 мың бейнесабақ бар. Оқытушыларға арналған бейнесабақтар да көп», - деп хабарлады Е.Сағадиев.
Сондай-ақ, министр бұрын «Е-learning» жобасы (2011-2013 жыл) аясында мектептерде сервер, интерактивті тақталар, компьютерлер, лицензиялық бағдарламалар сатып алынғанын, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік туралы да айтып өтті.
«Кез келген ақпараттық жүйе ақпараттық қауіпсіздік үшін сертификаттаудан өтуге міндетті. Деректер мемлекеттік серверлік орталықта сақталады. 2016 жылы күшіне енген «Автоматтандыру туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік органдар жүйелерінің операторы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ болып табылады. Яғни, ол алаң ұсынады. Барлық ақпарат, соның ішінде дербес ақпарат та мемлекеттік органдардың серверлік алаңында сақталады. «ҰАТ» АҚ осы жүйелерге қызмет көрсетеді және қауіпсіздік бойынша талаптар қояды. Ақпараттық қауіпсіздікті ҚР БҒМ ақпараттық технологиялар департаментіндегі қауіпсіздік басқармасы қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, жүйенің қауіпсіздігін мемлекеттік техникалық қызмет тексереді»,- деп қорытындылады Е.Сағадиев.
Қайрат Жандыбаев
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары