- Басты
- Жаңалықтар
- Үкіметте АӨК-ні дамыту жөніндегі шаралар жоспарын мақұлдады
Үкіметте АӨК-ні дамыту жөніндегі шаралар жоспарын мақұлдады
«Оның мақсаты – нарықтарда сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешен өнімін өндіруді қамтамасыз ету. Мемлекеттік бағдарлама 8 міндеті бойынша 134 іс-шараны қарастырып отыр.Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында көптеген позициялар бойынша біздің әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола алатынымыз атап өтілді», – деп атап өтті вице-министр.
Әсіресе, бұл экологиялық таза тағамдарға қатысты айтылды. Бұл үшін ең алдымен, шағын және орта шаруашылықтарды кооперацияларға кеңінен тарту көзделуде
Сондай-ақ, Жоспар аясында ішкі нарықты толтыру мен отандық өнімнің экспорттық әлеуетін дамыту, мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын тиімді пайдалану, су ресурстары мен жер ресурстарын тиімді пайдалануға жағдай жасау, ауыл шаруашылығы техникалары мен химиялық құралдармен қамтамасыз етуді арттыру, АӨК-ті ғылыми-технологиялық, кадрлық және ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету жоспарлануда.
«Жалпылай алғанда, бұларды іске асыру үшін 2,4 трлн. теңге қажетті. Оның ішінде, республикалық бюджет есебінен 1,2 трлн. теңге, жергілікті бюджеттен 852 млрд. теңге, микроқаржылық ұйымдар мен шаруашылық субъектілеріне 306 млрд. теңге қарастырылған», - деді ол.
Айта кетейік, Жаңа бағдарламаға көзделген қаражат осы таңға дейін бекітілген республикалық бюджеттің шеңберінде қарастырылып отыр. Яғни, үкіметтен қосымша қаржы талап етпейді.
Жоспар жобасының қаржылық бөлігі 21 ақпанда Республикалық бюджет комиссиясының отырысында мақұлданды.
Қайрат Жандыбаев
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары