- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да кәсіпкерлерге индустриялды аймақтан жер телімі бөлінді
ОҚО-да кәсіпкерлерге индустриялды аймақтан жер телімі бөлінді
28 Ақпан, 2017 14:32
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев индустриялды аймақтан кәсіпкерлерге жер телімдерін беру мақсатында жер көлемі 74,5 гектар болатын 10 қаулыға қол қойды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оңтүстіктің инвестициялық тартымдылығын арттыру және кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында өңірде 11 индустриялды аймақ құрылған.
Аталған индустриялды аймақтарда бүгінде құны 199,2 млрд. теңгені құрайтын 170 жоба іске асырылуда.
Сонымен қатар, бұл аймақта құны 8,6 млрд. теңгені құрайтын инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Атап айтқанда, Төлеби ауданындағы индустриялды аймақта күн электр станциясы құрылысы. Ол үшін аймақтан көлемі 30 га болатын жер учаскесі бөлінді. Сондай-ақ, қабырға тасын өндіру үшін Сарыағаш ауданынан 18,5 га, ал индустриялды аймақтардан құрылыс материалдарын өндіру, шыны өңдейтін зауыт құрылысын салу, кеңсе жиһаздарын өндіру цехы үшін жалпы 26 га жер учаскесі пайдалануға берілді.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
М.Әбенов: Жер тек жұмыс істеймін деген азаматқа ғана жалға берілу керек -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Биліктегі 2 жыл: несие амнистиясы, жер мәселесі және саяси-әлеуметтік реформалар -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ -
«Рухани жаңғыру»: 4 жылда не өзгерді -
Жамалбек Шәріпбек: Түркістанның жаңа статусы жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда -
Расул Жұмалы: Жер комиссиясы, латифундистер мен 10 сотық жер туралы