• Басты
  • Сәуірге қарай Қарағанды облысының ауыл шаруашылық кооперативтерінің саны артады
28 Ақпан, 2017 11:58

Сәуірге қарай Қарағанды облысының ауыл шаруашылық кооперативтерінің саны артады

2017 жылы Қарағанды облысында 37 ауыл шаруашылық кооперативін құру жоспарланған, соның ішінде 17-сі іске қосылды. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Юржан Беккожин облыстық әкімдіктегі аппарат отырысында мәлімдеді.
Сәуірге қарай Қарағанды облысының ауыл шаруашылық кооперативтерінің саны артады

«Облыс әкімдігі, ауыл шаруашылық, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктері қол қойған үшжақты іс-шаралар жоспары аясында міндеттер мен индикативті көрсеткіштер анықталды, оған екі кезеңмен - 2017 жылғы 1 сәуірден 30 желтоқсанға дейін қол жеткізілмек. Осы жоспарларға сәйкес, жалпы, облыс бойынша 37 ауыл шаруашылық кооперативін, 767 отбасылық мал жемдейтін алаң, 11 мал сою пунктін және 17 сүт қабылдау пунктін ұйымдастыру белгіленген», - деді Юржан Беккожин.

Әрбір кооперативке кем дегенде 20 адам кіреді. Бұл 700 аса жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. 

Ауыл шаруашылық кооперативтердің қажеттілігі үшін 5 сүт таситын автомашина, 18 рефрижератор, 20 ұсататын жабдық сатып алынбақ. Бұған қоса, 9 мал сою пунктін қосымша жабдықтау қарастырылған. Несиелер 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында ұсынылатын болады. Сонымен қатар, қаржы ауыл шаруашылықты қаржылық қолдау қорынан бөлінеді. 

Ауыл тұрғындарына кооперацияның басымдықтары мен тиімділігі тексеріледі. 

«Қазіргі кезде жоспарланған 37 ауыл шаруашылық кооперативінің 17-і құрылды, соның ішінде 12-і – Нұра ауданында. 1 сәуірге дейін 15 ауыл шаруашылық кооперативін құру көзделген. Бұқар жырау, Қарқаралы, Осакаров, Ұлытау және Жаңаарқа аудандарындағы 5 ауыл шаруашылық кооперативі 1 наурызға дейін ашылады», - деді баяндамашы. 

Оның мәліметінше, ауыл шаруашылықты қаржылық қолдау қорына аймақтан отбасылық мал жемдейтін алаң жасауға 380 астам өтініш жолданған.

Жергілікті әкімдіктер ауыл шаруашылықты кооперациялау бағдарламасынан тыс қалмауы керек. Бөлінген қаржыны 100 пайыз игеру міндеті алға қойылды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды