- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан және Ресей мәдениет министрлері екі елдің бірлескен стратегиясын әзірледі
Қазақстан және Ресей мәдениет министрлері екі елдің бірлескен стратегиясын әзірледі
Кездесу қорытындысы бойынша екі елдің мәдениет ведомство басшылары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігі арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын іске асыруға бағытталған бірлескен әрекеттер жоспарына қол қойды.
Стратегияның екінші тармағы Ресей мен Қазақстан арасындағы туризмді даму тақырыбына арналған. Бұл жерде ата-бабаларымыздың мұрасын екі елдің туристік индустриясының бөлігіне айналдыру ғана емес, сондай-ақ көне заманның ескерткіштерін сақтау жолдындағы бірлескен жоспарлар қарастырылған.
Үшінші тармақ бойынша Ресей Федерациясы Астана қаласында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрменің жұмысы барысында мәдени шараларды өткізуге барынша қолдау көрсетуге келісті. Арыстабек Мұхамедиұлы мен Владимир Мединский ЭКСПО-2017 аясында Астанаға Мариин және Михайлов театрлары әртістерінің гастрольдерін ұйымдастыру туралы ортақ шешімге келді.
Чехов атындағы МКТ гастрольдері туралы және Астанада Эрмитаждың үлкен көрмесін өткізу туралы келіссөздер аяқталу кезеңінде.
Сондай-ақ, М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының Ресей Федерациясының аймақтарына гастрольдері 2017 жылдың күзінде басталатындығы белгілі болды.
Төртінші тармақ бойынша 2019 жылды Қазақстан-Ресей мәдениет алмасу жылы деп жариялау мүмкіндігін қарастыруға келісті. Белгіленген бастамаларды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының аймақтары тартылатын болады.
Кездесуді қорытындылай келе, ҚР Мәдениет және спорт министрі қабылданған стратегия екі елдің достық пен тату көршілік қарым-қатынастарының нығаюына сеп болатынын атап өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы