- Басты
- Жаңалықтар
- Қытай Павлодардағы химия-металлургия комбинатының құрылысын қаржыландырады
Қытай Павлодардағы химия-металлургия комбинатының құрылысын қаржыландырады
Аймақ басшысы Болат Бақауов пен инвестициялық қордың өкілі - China Machinery Engineering Corporation компаниясының басқарушы директоры Ван Ливэннің кездесуі барысында «TENIR-LOGISTIC» ЖШС-ің титан және кремний диоксиді, қоспалы болат құрылғылар өндірісі кешенінің құрылысы жөніндегі жобасы таныстырылды.
Қытайлық компания кешеннің құрылысын қаржыландырып, құрал-жабдықтарды сатып алуға көмектесіп, өндірісті бастауға жәрдемдеспекші. Компанияның өкілі Ван Ливэннің ақпараты бойынша бұл жоба ҚР-ғы индустрияландыру және инвестициялар саласындағы әрекеттестік бойынша қазақстандық-қытайлық халықаралық келісімдердің шеңберінде жүзеге асырылып отыр.
Жобаны жүзеге асырудың ағымдағы жағдайы туралы «TENIR Logistic» ЖШС-ің бас менеджері айтып берді: – Осы жылдың шілде айында жобаны жүзеге асыру басталады. Инвестициялардың жалпы көлемі 782 млрд. теңгені құрайды (1 кезек - 122,4 млрд. теңге), алғашқы өнімді шығару 2020 жылға жоспарланып отыр. Комбинатта 2500 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде.
Облыс әкімі қоспалы болат, титан және кремний диоксидтерін өндіруде шығындарды азайту мен технологиялардың экологиялық қауіпсіздіктерін сақтауға назар аударып, облыстық индустриялық-инновациялық басқарма басшысының міндетін атқарушыға, «Павлодар» АЭА» БК АҚ-ың директорына «TENIR Logistic» ЖШС-ің жобасын жүзеге асыруда барынша қолдау көрсетуді тапсырды.
-
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Әлемдегі эпиджағдай: Чехияда шектеу шаралары күшейтілді, Қытай тағы бір қаланы түгелдей сынақтан өткізуде -
Тоқаевтың тапсырмасымен құрылатын екі агенттік немен айналысады, кім қаржыландырады -
COVID-19: 13 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай -
Коронавирус: 22 шілдедегі жағдай -
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қытайда таралған жаңа пневмония туралы хабарламаны жоққа шығарады -
ҚХР-ның ҚР-дағы елшісі Чжан Сяо Нұрсұлтан Назарбаевты 80 жасымен құттықтады -
Фирдауси және Өргебас тұрғындары жаңа үйлердің құрылысын жүргізуге кіріспек -
Сыртқы істер министірлігінде Қытай Елшісімен кездесу өтті -
Қытайлық дәрігерлер Қазақстанның коронавируспен күресу шараларына оң баға берді -
М.Сұлтанғазиев: Коронавирусқа байланысты Қытайдан келетін импорт көлемі азайды -
Ж.Бекшин: Қытайдан басқа мемлекеттерде коронавирусқа қатысты жағдай күрделенуде -
Қытайдан тағы 363 қазақстандық эвакуациялануы мүмкін -
Ж.Бекшин: Қытайдан келгендердің ешқайсысында короновирустың белгілері жоқ -
Ж.Бекшин: Қазақстандықтарды уақытша Қытайға барудан бас тартуға шақырамыз