- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық қорды тиімді басқару мәселелерін реттеу қажет – депутат
Ұлттық қорды тиімді басқару мәселелерін реттеу қажет – депутат
Е. Никитинская атап өткендей, түзетулер, ең алдымен, Қазақстандағы парламентті күшейтуге бағытталған.
«Бұл өте маңызды, себебі Парламент ел халқының мүдделерін танытатын бірден-бір орган. Конституцияға нормалардың қабылдануы заңға қатысты бірқатар актілердің одан әрі өзгеруін талап етеді. Басқа заңнамалық актілер бойынша жұмыс істеу барысында біз алдымызда тұрған бірқатар өзекті мәселелерді шештік», - деп түсіндірді депутат.
Оның айтуынша, Қазақстанның бірлігі мен біртұтастығының конституциялық мызғымастығын бекіту қажет.
«Бұдан бөлек, егер бірлігімізді бұзуға шақыратын тұлғалар пайда болса, оларды жазаға тарту үшін жауаптылық орнату керек», - деп атап өтті Е. Никитинская.
Сондай-ақ, депутат квазимемлекеттік сектордың Парламентке есеп бермейтініне де тоқталып өтті.
«Парламент елімізде Үкіметтің дербес құрамына қатысты үлкен рөл атқара бастайды. Алайда, бізде бір мәселе әлі де шешімін таппай келеді. Біз үнемі бюджетті талқылап, есеп қабылдаймыз. Бірақ бізде республикалық бюджеттен, Ұлттық қордан қомақты қаражат салынатын квазимемлекеттік сектор Парламентке есеп бермейді. Оның бюджеттің бір бөлігіне айналуы керектігі туралы мәселені көтеру керек. Квазимемлекеттік сектор біз арқылы халық алдында есеп беретін болады. Сондықтан, Парламенттің өкілеттіктерін дамыту үшін осы мәселені шешу керек деп ойлаймын», - деді ол.
Е. Никитинскаяның пікірінше, конституциялық реформа барысында Ұлттық қорды және зейнетақы қорын тиімді басқару мәселелерін реттеу қажет.
«Батыс елдерде бұл қаражаттың қандай активтерге салынатыны ашық көрсетіледі. Оларда халыққа зиян келтіретін компанияларды қаржыландырумен, терроризммен байланысты инвестицияларға қатыспауды талап ететін белгілі бір саясат, әлеуметтік нормалар бар. Осылайша, біз қоғамның Парламентке ғана емес, сонымен қатар атқарушы билік органдарына да сенімін арттырамыз», - деді депутат.
Ақбота Күзекбай
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет