ҚР-да АӨК қолдау мақсатында жартылай шығын өтемақысы енгізіледі – АШМ

14 Желтоқсан, 2013 17:09
«Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша ҚР-да АӨК қолдау мақсатында жартылай шығын өтемақысы енгізіледі. Ол АӨК қуатты саласында өнеркәсіптердің ауқымын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Инвестициялық жобалар мен капитал сыйымдылығын төмендету мақсатында шағын шығын өтемақысын төлеуді мемлекет енгізбек. Ол ауыл шаруашылығы, агроөндірістік кешен саласында жаңа техникаларды алу үшін жұмсалады», - делінген хабарламада.

АӨК субъектін дамытуды қаржыландыру үшін «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі 300 млрд теңге бөлді.

Жалпы, «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша 2014 жылы субсидиялау көлемі 25,4 млрд теңгені құрайды, ол 2013 жылмен салыстырғанда екі есеге көп.

Айта кетерлігі, бағдарлама аясында 10 трл теңге жеке қаржыны тарту жоспарлануда.

 

 

Барлық жаңалықтар