- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысы Қытайға 32 астық контейнерін жөнелтті
Ақмола облысы Қытайға 32 астық контейнерін жөнелтті
Кеңесте өндіріс тиімділігін көтеру, көлік қызметі сапасын жақсарту, теміржол инфрақұрылымын дамыту, су тасқыны кезінде пойыз қозғалысы қауіпсіздігін бақылауда ұстау жайы қаралды.
Құрылым басшылары Ақмола жүк тасымалдау бөлімшесінің пайдалану қызметі туралы баяндады. Ақмола жүк тасымалдау бөлімшесінің директоры Н. Жаниязов биылғы жыл басынан бері негізгі пайдалану көрсеткіші орындалды.
Қазіргі таңда Ақмола жүк тасымалы бөлімшесінің негізгі басымдығы астықты тиісті бағдарларға жөнелту. Биылғы жыл басынан бері Қытайға Қырқыншы станциядан бір контейнерлік пойыз жіберілсе, Жалтыр станциясынан Хошимин портына 32 контейнер жөнелтілді.
Н. Жаниязов жиынға қатысушылардың назарын «Астана темір жол вокзалы кешінемен қоса, теміржол телімін дамытуы» жобасының жүзеге асырылу барысына аударды. Негізгі тапсырма биылғы жылдың алғашқы жартысында Астана –Жолаушылар жаңа вокзал кешенін ашу. Жаңадан салынып жатқан жүк станциясы Астана мен Қырқыншы станцияларының жүк көлемін азайтуға ықпал етеді.
Ақмола магистральдық желі дирекциясының директоры А. Қизатов теміржолдарды жаңғырту қорытындысы туралы хабарлады. 2016 жылы 350 шақырым жол жөнделді. Оның ішінде 82,3 шақырымында күрделі жөндеу, 9,4 шақырымда күшейтілген, 18,9 шақырымында орташа жөндеу жүргізілді. 31 бағыттауыш бұрма темірбетон түріне ауыстырылды.
Жылда көктем қарсаңында теміржол нысандарын көктемгі су тасқынынан құтқарудың алдын алу шаралары жүргізіліп келеді.
А. Қизатовтың айтуынша, «Арнайы комиссия құрылып, ол көктемгі су тасқыны болуы мүмкін шаруашылықтарды бақылау шараларын күшейтіп, пойыз қозғалысы қауіпсіздіне дайындықты қадағалайды. Олар тасқынның алдын алу шараларын үйлестіріп, нысандарды тасқын су өткізуге әзірлейді.
«Бүгінгі таңда су басу қаупі бар 50 орын көрсетілді. Астана-Атбасар жол телімінде мұзды жару жұмыстары жүргізілуде. Көкшетау, Астана, Жаңаесіл, Атбасар станцияларында тасқынға қарсы төрт пойыз құрастырылды. Аршалы. Ерейментау, Есіл, Петропавл станцияларымен шектесетін өңірлердд де арнайы пойыздар жасақталуда. Су айдайтын 22 мотопомпы дайын»,-дейді А. Қизатов.
«Барлық магистральдық желі бойларында тасқын суларды тоқталыссыз өткізу мен өңірлердегі теміржол бөлімшелеріндегі көктемгі комиссиялық тексеруді қысқа мерзімде және сапалы өткізуі тиіс»,-деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы.
Қ. Алпысбаев өндірістік жиынды қорытындылай келіп, су тасқыны кезінде барлық теміржол нысандарын қатаң бақылауда ұстап, пойыздардың қауіпсіздін қамтамасыз етіп, тоқталыссыз жүргізу үшін бірқатар тапсырмалар берді.
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда