- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Қазақстан мен Ресей арасындағы сенім мен түсіністік деңгейі жоғары
Н.Назарбаев: Қазақстан мен Ресей арасындағы сенім мен түсіністік деңгейі жоғары
Қазақстан мен Ресей Президенттері кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелерін және күн тәртібіндегі басты халықаралық тақырыптарды талқылады.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасының ерекшелігіне тоқталып, екі ел арасындағы сенім мен түсіністік деңгейі жоғары екенін атап өтті.
«Биыл арамызда дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толады. Тығыз ынтымақтастық арқасында біз Еуразиялық экономикалық одақты құрдық. Бұл оның барлық қатысушылары үшін маңызды әрі перспективалы құрылым деп санаймын. Бүгінде Ресейдің 7 мыңнан астам кәсіпорны Қазақстанда өкілдіктерін ашып, жаңадан қайта өңдеу өнеркәсібін құруға ықпал етуде. Сіздің былтыр күзде Қазақстанға жасаған сапарыңыз бен Еуразиялық экономикалық одақ аясында Санкт-Петербургтегі кездесуіміз құны 3 миллиард АҚШ долларын құрайтын 41 келісімшартқа қол қоюға мүмкіндік берді», – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібіндегі халықаралық мәселелерге қатысты Қазақстан мен Ресейдің ұстанымы бірдей екенін және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі аясында ортақ міндеттерді іске асыру үшін екі ел де бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты.
«Ресей халықаралық өзекті мәселелерді шешу, соның ішінде Сирия қақтығысын реттеу жөнінде шаралар қабылдауда. Астанада бірнеше келіссөз өткізу туралы ұсыныс білдірген де Ресей болатын. Үдеріс басталып кетті. Жалпы осы және басқа да мәселелерді шешу үшін жыл бойы бірқатар кездесу өткізу қажет, соның бірі 8 маусымда Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы басқосу болмақ. Қазіргі барлық мәселелер достық негізінде шешілуде. Бірлескен кәсіпорындар құрып, алға қарай ілгерілейтін боламыз», – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары