- Басты
- Жаңалықтар
- Халықтың медициналық көмек көрсетуге қанағаттану деңгейі 7 пайызға өсті - ДСМ
Халықтың медициналық көмек көрсетуге қанағаттану деңгейі 7 пайызға өсті - ДСМ
-Мемлекет басшысы «смарт медицина», дистанционды алдын алу мен емделу, «электронды медицина» қызметін енгізуді ұсынған. Бұл бағытты жүзеге асыру бойынша жетістіктер бар ма?
- Бүгінгі таңда телемидицина Қазақстанның 14 облысына да енгізілді. Олар Астана мен Алматы қалаларында. Республикалық клиникаларға керекті қондырғылар облыстық және аудандық қарым-қатынастарды жүзеге асыруға септігін тигізеді.
2013 жылдың 9 айы бойынша, 12, 7 789 телемидициналық консультация мен 3,3 мың бейнебайқау конференция сеансы жүргізілді.
2013 жылдың сәуір айында Үкімет 2013-2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасын мақұлдады. Орталық элементке әрбір адамның өмірі туралы ақпарат айналуы тиіс.
Электронды денсаулық паспорт кабинетін құру арқылы әрбір тұтынушы өз денсаулығы жайылы ақпаратқа ие бола алады.
-2050 Стратегиясында жеке меншік медицинаны дамыту айтылады. Денсаулық сақтаудың жеке меншік секторы жайлы айтсаңыз, оның қызмет көрсету сапасы қаншалықты жоғары?
- Мемлекеттік бағдарламада 2011-2015 жылғы денсаулық сақтау саласының дамуы қарастырылған. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасында денсаулық сақтаудың жеке меншік секторын дамытудың барлық жоспарлары жазылған. Бұл әкімшілік кедергілерді жоюға септігін тигізеді. Денсаулық сақтаудың бірыңғай жүйесін енгізу, медициналық көмек көрсету саласына бәсекелестікті әкеледі.
Мемлекеттік және жеке меншік ұйымдарға бірдей жағдай жасалғандығы мемлекеттік емес ұйымдардың саны 18 пайызға өсті.
-Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қазақстан жүрек-қан тамырларының ауруынан көз жұму бойынша бірінші орында тұрғанын айтты. Бұл көрсеткішті төмендету үшін қандай әрекет жасалуда?
- Шынымен де, жүрек-қан тамырларының әсерінен қаза тапқан жағдайлар көп. Сондықтан да, денсаулық сақтаудың осы саласына көп көңіл бөлініп отыр. Мемлекеттік бағдарлама бойынша кардиохирургиялық тиімді қызмет құрылды.
Бүгінгі таңда 47 ота жасалды. Жоғары технологиялық қондырғылардың көптеп қолдану көрсеткіші байқалуда. 2013 жылдың 9 айы бойынша республикада 43,5 мың кардиохирургиялық оталар жасалды. Ол өткен жылмен салыстырғанда 21,2 пайызға жоғары.
-Адам және оның денсаулығына жауап беру жауапкершілігін арттыру жүйесі қалай жүзеге асады?
-Бүгінде қоғамда денсаулыққа қарау жауапкершілігін арттыру көзқарасы қалыптасқан болатын. Азаматтарды өз денсаулығына жауапкершілік шараларын арттыру мақсатында алдын алу жұмыстары жүрген болатын. Денсаулықты бақылау бағдарламасы жастар денсаулық орталығы мен денсаулық мектептеріне енгізілетін болады.
-ҚР Президенті медицина оқу орындары мен мекемелерді халықаралық деңгейде тіркеуін заңнамалық түрде жүзеге асыру тапсырмасын жүктеді. Олар қалай жүзеге асуда?
-Біздің мектептердің халықаралық деңгейге шығуы үшін Ұлттық аккредитация органы Дүниежүзілік білім беру федерациясының атағына ие болды. Бұл білім беру саласында европалық деңгейге жетуді көздейді.
Қазіргі таңда медициналық университеттер (НААР) ұйымымен белсенді қызмет атақарады.
2012 жылдың желтоқсанында Дүниежүзілік медициналық білім беру ұйымының бас кеңесшілері ҚАЗҰМУ-де аккредитациялық жұмыс өткізді.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары