• Басты
  • Ақтөбе облысы ЕАЭО елдеріне 401 млн доллардың өнімін экспорттады
27 Ақпан, 2017 11:12

Ақтөбе облысы ЕАЭО елдеріне 401 млн доллардың өнімін экспорттады

Ақтөбе облысы ЕАЭО елдеріне 401 млн доллардың өнімін экспорттады, деп хабарлады статистика департаментінің баспасөз қызметі.
Ақтөбе облысы  ЕАЭО елдеріне 401 млн доллардың өнімін экспорттады

«2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда  Ақтөбе облысы бойынша өзара сауда ЕАЭО елдерімен 890401,5 мың  АҚШ  долларын  құрады, оның ішінде экспорт – 401393,6 мың АҚШ  долларын, импорт – 489007,9 мың  АҚШ  долларын құрады», - делінген хабарламада.

Ақтөбе облысы экспортының құрылымында басым бөлігін пайдалы қазбалар алады, олардың экспорттың жалпы көлеміндегі үлес салмағы 89% құраса, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары 2% құрады.

Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасынан, негізінен, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары ЕАЭО елдерінен келетін импорттың жалпы көлемінен 18% құрайды, пайдалы қазбалар және одан жасалған бұйымдар (шыны және одан жасалған бұйымдарды қоса алғанда) - 16%, химиялық өнеркәсіп өнімдері - 26% әкелінеді.

 

Барлық жаңалықтар