• Басты
  • Жаңалықтар
  • Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

25 Ақпан, 2017 14:32
Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.

Кеңес барысында Қазақстанның экономикалық өсімнің жаңа үлгісіне көшуі мәселесі бойынша министрліктердің тәсілдемелері және пайымы, сондай-ақ экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңғыртуды іске асыру қарастырылды.

Барлық жаңалықтар