- Басты
- Жаңалықтар
- Теміржолшылар Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады
Теміржолшылар Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады
Кеңесті ашқан «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Магистральдық желі дирекциясының» директоры Жарас Ізғұлов: «Қазақстан дамудың 25 жылдық белесін абыроймен бағындырды», - деп атап өтті.
«Республиканың жетістігі мен табыстарын әлем жоғары бағалап отыр. 2017 жылдың басынан Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі атанды. Биылғы жылы Астанада халықаралық ЭКСПО көрмесі өткізіледі. Біздің еліміздің дамуындағы ұстанатын қағидасы – бейбітшілік және тұрақтылық, келісім және ынтымақ»,-деп атап өтті Ж. Ізғұлов.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Магистральдық желі дирекциясының» Кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқараманың бастығы Руслан Барбасов: «Жолдау нақты бағдарламалық құжат. Онда еліміздің әрі қарай дамуының негізгі бағыттары айқындалған. Мемлекетті дамытудың таяу жылдарға арналған басымдықтары белгіленген»,-дей келіп 2017 жылғы Жолдаудағы Қазақстанды жаңғыртудың бес басымдығына тоқталды.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақназар Кәрібаев пен Орал телімінің аймақтық қозғалыс қауіпсіздігінің ревизоры Жұбаназар Төребековтер жаңа дамып келе жатқан жас мемлекетіміздің жетілуіне теміржол саласы мамандарының қосып отырған еңбегіне тоқталды.
Орал жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Дархан Құланбаев ҚР Үкіметінің алдына 2020 жылдары транзиттік жүк тасымалын жеті есеге өсіру мақсаты қойылып отырғандығын тілге тиек етті. Ол әріптестерін Қазақстанның әрбір азаматы еліміздің өміріне белсенді араласуға, Мемлекет басшысының жаңа тапсырмаларын орындауға жұмыла кірісуге шақырды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
«Құқықтық мемлекет» ұғымы және Қазақстан -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай