- Басты
- Жаңалықтар
- Австриялық кәсіпкерлер Алматы жобаларына инвестиция құюға қызығушылық танытып отыр
Австриялық кәсіпкерлер Алматы жобаларына инвестиция құюға қызығушылық танытып отыр
Кездесу барысында Елшіге Алатау ауданындағы индустриалды аймақ пен «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА-тың әлеуеті көрсетілді. Герхард Сайллер мегаполисте болып жатқан реформаларға ерекше қызығушылық танытты.
«Қазақстан нарығына қосылып жатқан австриялық компаниялар саны артуда. Алматыда жүріп жатқан көлік реформасына қызығушылық көп. Біз машина жасауда, ТКШ, химия өнеркәсібін, селден қорғауды және басқа да салаларды жаңарту жөніндегі нақтылы инвестициялық жобаларға қатысу және жан-жақты талқылау үшін австриялық бизнесмендер делегациясын ұйымдастыруды қалаймыз», - деп атап өтті ол.
Өз кезегінде Алматы әкімі Алматы үшін Австрияның инновацияны, тау шаңғысы туризмін дамыту тәжірибесі мен «Ақылды қала» жобасының тартымды екендігін айтты.
«Қаланы одан әрі дамытуға арналған «Алматы-2020» Бағдарламасында экология, денсаулық сақтау, қоғамдық көлік, мемлекеттік-жеке серіктестік принциптері қарастырылған, бұларды жүзеге асыруда екі жақты ынтымақтастықтың болашағы зор деп ойлаймын», - деді Бауыржан Байбек.
2016 жылы Алматы мен Австрия арасындағы тауар айналымы 55,2 млн. АҚШ долларын құраған. Биылғы жылдың 1 ақпаны бойынша қалада 24 біріккен, 48 австриялық кәсіпорындар тіркелген.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда