• Басты
  • Үндінің ірі компаниясы Алматымен ынтымақтастыққа ниетті
27 Ақпан, 2017 08:43

Үндінің ірі компаниясы Алматымен ынтымақтастыққа ниетті

Алматы әкімі Бауыржан Байбек үнділік «Jaypee Group» конгломератты компаниясының басқарушы директоры Санни Гор мырзамен кездесті. Кездесу Қазақстан мен Индия арасындағы елшілік қарым- қатынастың 25 жылдығы қарсаңында өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Үндінің ірі компаниясы Алматымен ынтымақтастыққа ниетті

Кездесу барысында Санни Гор мырзаға Алатау ауданындағы индустриалды аймақ пен «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА-тың әлеуеті көрсетілді, «Алматы-2020» бағдарламасын жүзеге асырудағы ынтымақтастық сөз болды.

«Бүгінгі күні Қазақстан бизнесті одан әрі дамытудың әлеуеті болып табылады, сондықтан ел нарығы бізді қызықтырады. Біз Астана мен Алматыда және өзге өңірлерде жұмыс істегенді қалаймыз. «Jaypee Group» компаниясы Үндіде 45 жыл бұрын қабырғасын қалаған болатын, ол құрылыс, энергетика, цемент шығару, қонақүй бизнесі, жүрдек магистральдерді салу, пайдалануға беру, білім, медициналық қызмет көрсету салаларымен айналысады. Біз Қазақстанда бірігіп жұмыс істеу үшін нақтылы жобаны анықтайтын боламыз», - деді Сани Гор.

Сани Гор Алматының медицина саласындағы потенциалы жоғары екендігін, осы сала бойынша бірігіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін айтты.

Қала әкімі Алматының «Jaypee Group» компаниясының құрылыс, туристік кластер, білім және медициналық туризм бойынша тәжірбесіне қызығатынын жеткізді.

2016 жылы Алматы қаласы мен Үнді арасындағы тауар айналымы 190 млн. АҚШ долларын құрады. Қалада бүгінгі күні 73 біріккен және 250 үнділік кәсіпорындар тіркелген.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды