- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да жерлердің электронды топырақ картасы әзірленуде
ОҚО-да жерлердің электронды топырақ картасы әзірленуде
Саладағы өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жайын баяндаған Созақбай Исаұлының айтуынша, аталған электронды топырақ картасында егістік жерлердің топырақ құнарлығының деңгейі мен эрозияға ұшыраған жерлердің көлемі және эрозия түрлері туралы қажетті мәліметтер енгізіледі. Сол арқылы эрозияны тоқтату және топырақтың құнарлығын сақтау мақсатында тиісті агротехникалық шараларды жүргізу ұсынылады.
«Қазіргі таңда, ауыл шаруашылығы жерлерінің электрондық базасын дайындау жұмыстары Түркістан, Кентау қалалары мен Түлкібас, Отырар аудандарында атқарылып, Түлкібаста толықтай аяқталды. Одан бөлек, осы жылы мұндай жұмыстар Бәйдібек ауданы мен Арыс қаласындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде басталады деп күтіліп отыр. Жалпы, облыстағы барлық аудан, қалаларда осындай карталарды әзірлеу жұмыстарын 2020 жылға дейін аяқтаймыз деген жоспар бар», - деді С.Әбдіқұлов.
Басқарма басшысының сөзінше, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттырудың басты шарты – егістік алқаптары топырақтарының құнарлығына тікелей байланысты. Ал топырақтың құнарлығы деп оның табиғи және мәдени өсімдіктердің қалыпты өсуі мен дамуын қамтамасыз ету қабілетін айтады. Топырақ құнарлығының денгейі оның құрамындағы қарашіріндінің (гумустың) мөлшерімен есептелінеді. Қарашірінді (гумус) қаншалықты көп болса, топырақ соншалықты құнарлы болып есептелінеді.
Жалпы, Оңтүстік Қазақстан облысының жер қоры - 11725,8 мың га құраса, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы пайдаланылып жатқан жерлер - 6815,7 мың га. Ал егістік жерлердің көлемі 911,4 мың га (о.і. суармалы 457,3 мың га), жайылымдық 5635,8 мың га, шабындық 84,5 мың га, көп жылдық екпелер 29 мың га.
Облыс бойынша жер қатынастары саласының алдағы 5 жылдық жоспары, яғни 2017-2021 жылдар аралығындағы жұмыстарды 7 бағыт бойынша іске асыру жоспарланған. Олар - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға енгізу, суармалы жерлердің көлемін ұлғайту және қазіргі жағдайына талдау жүргізу, облыстағы жайылым жер мәселесі, арнайы жер қорындағы жерлерді тиімді пайдалану, егістік жерлердегі топырақтың құнарлығын арттыру, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлерге бөлінген жерлерге жүргізілген түгендеу жұмыстары туралы, индустриялды аймақтардағы жерлердің игерілу жағдайы мен жерге қатысты құжаттарын рәсімдеу мәселесі.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
ҰБТ-2021: Электронды форматтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері -
БҒМ: Мектепке жұмысқа тұру тәртібі, тестілеуді электронды форматқа көшіру және дипломды цифрландыру -
Әлемдегі және Қазақстандағы электронды сауданың даму перспективалары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
«Бизнестің жол картасы – 2025»: бизнес өкілдеріне қандай қолдау көрсетіліп жатыр -
БҒМ: Электронды ҰБТ және мұғалімдерді вакцинациялау мәселелері -
Биыл түлектер ҰБТ-ны қалай тапсырады -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады