- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да биязы жүнге 15,2 млн теңге субсидия құю жоспарланған
ОҚО-да биязы жүнге 15,2 млн теңге субсидия құю жоспарланған
Жалпы, облыста 32 мыңға жуық биязы жүнді қой өсірумен айналысатын 20 шаруашылық бар. Олардың басым көпшілігі Сарыағаш пен Қазығұрт ауданында орналасқан. Ал жүнді қайта өңдейтін Шымкент қаласында екі кәсіпорын жұмыс істейді.
Аталған кәсіпорындар былтыр 1200 тоннаға жуық жүнді сатып алып қайта өңдеген. Өңделген жүннен киіз және жылу сақтайтын өнімдер шығарылады. Биыл 117 тонна биязы жүнге әр келісін 130 теңгеден, жалпы 15,2 млн. теңге субсидия беру жоспарлануда.
Мұнан соң, тілшілер тобы Сарыағаш ауданындағы құс өсіретін «Бесқара» ЖШС-нде болды. Төрағасы Мұрат Әбдібаев болып табылатын құс фабрикасы 2015 жылы жұмысын бастаған. Бүгінде мұнда 50-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Фабрикада жылына 20 млн. дана тағамдық жұмыртқа өндіріліп, облыстағы аудан, қалаларға жөнелтіледі.
Айта кету керек, Оңтүстік Қазақстан облысында 30-ға жуық құс фабрикасы болса, онда бүгінгі таңда 1,3 млн. бас құс өсіріліп, жылына 180 млн. данаға жуық жұмыртқа алынады. Тағамдық жұмыртқалар, негізінен, өзіміздің облыста саудаланады.
Аудандарға пресс-тур кезінде журналистер барған соңғы шаруашылық Сарыағаштың Дарбаза ауылындағы асыл тұқымды сүтті бағыттағы ірі қара малдарды өсіру және сүт өндірумен айналысатын «Фирма Сакен» ЖШС болды. 2004 жылы жұмысын бастаған қожалықтың төрағасы Шәрікүл Байғазиева бұл шаруашылықты жеке қаражатына - 2 млн. теңгеге ашқан. Бүгінде мұндағы 594 ІҚМ-ды күтіп-бағу үшін 19 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жылына 400 тоннаға жуық сүт өндіріп, оны облысымызға сатады.
Облыста сүт өндіретін 800-ге жуық шаруашылық бар. Басым көпшілігі Сайрам, Шымкент қаласында орналасқан. Ағымдағы жылы мемлекеттен жалпы сүт өндірісі құнын арзандатуға 372,5 млн. теңге қаражат қаралуда.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Қазақстанда 7 млн-нан астам азамат вакцина алды -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды