- Басты
- Жаңалықтар
- Жас прокурорларға арналған кезекті кәсіби даярлау курстары аяқталды
Жас прокурорларға арналған кезекті кәсіби даярлау курстары аяқталды
Курс тыңдаушылары ретінде Бас прокуратураның «Прокуратураға үздік кадрлар!» жобасы аясында кадрларды іріктеудің жаңа жүйесі арқылы қабылданған 62 жас қызметкер қатысты.
Іс-шараны аша отырып, Институт директоры Нұрлан Дәниев аяқталып отырған курстардың бірегейлігі мен маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ түлектерді оқуды сәтті аяқтауларымен құттықтады.
Оқу процесі қадағалау қызметінің басым бағыттарына негізделген. Менеджмент, шешендік шеберлік, әлеуметтік-психологиялық әсер ету және психологиялық самбо тәсілдері бойынша бірнеше сағаттық тренингтер өткізілді.
Әр қатысушы заңнаманы білу бойынша тестілеуден өтті, физикалық және атыс дайындығы бойынша сынақ тапсырды, прокурордың күнделікті жұмысы үлгісіндегі кейстік тапсырмаларды шешті.
Сондай-ақ тыңдаушылар стратегиялық жоспарлау, қызметтегі көшбасшылық пен жеке тиімділік әдістерін меңгерді. Жалпы оқыту кезеңі бойынша тыңдаушылар 166 академиялық сағат көлеміндегі оқу материалдарын игерді.
Салатанатты жиын соңында жас прокурорларға курстарды аяқтағандары туралы сертификаттар табысталды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері