• Басты
  • Сенатта ветеринарлық қауіпсіздік жағдайы талқыланды
24 Ақпан, 2017 18:02

Сенатта ветеринарлық қауіпсіздік жағдайы талқыланды

Парламент Сенатында Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің бастамасымен ветеринарлық қауіпсіздік мәселелері талқыланды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Сенатта ветеринарлық қауіпсіздік жағдайы талқыланды

 Кездесуді аша келіп, Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Сергей Плотников ветеринария – ауыл шаруашылығының бөлінбес бөлшегі екенін атап өтті. Мал шаруашылығы саласындағы ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ауыл шаруашылығы бойынша қабылданған бағдарламалардың орындалуы мен елдегі санитарлық-эпидиемиологиялық ахуалдан және оның азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты екені айтылды.

Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында келешекте аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы тиіс екенін, экологиялық таза өнімдер мен тағамдар өндіру мақсатында кешенді істерді қолға алу қажеттігін айтқан болатын.

Сенаттың салалық комитетінің мүшелері таяуда Ақмола облысының Целиноград ауданындағы бірқатар шаруашылықтарда болып, аудан мен ауыл шаруашылығы мекемелеріндегі ветеринария қызметінің жұмысымен танысқан еді.

С.Плотниковтың айтуынша, сапар барысында жалпы ветеринария қызметінің құрылымына, сырттан мал ауруларының келуіне, ветеринариялық құжаттарды рәсімдеудің қиындықтарына, жергілікті жерлердегі ветеринария қызметтерінің өзара іс-қимылына қатысты өткір мәселелер көтерілді. Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов еліміздің ветеринария қызметінің жұмысы және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісі, сондай-ақ нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жайында хабардар етті.

Талқылауға сенаторлар Рашит Әкімов, Жеңіс Нұрғалиев, Аңсар Мұсаханов, сондай-ақ «ҚазВҒЗИ» директоры,ветеринария ғылымдарының докторы, профессорАхметжан Сұлтанов, «Восток-Молоко» корпорациясының бас директоры Сейілжан Сайлаубаев (Өскемен қаласы), «Жайма» МТС директоры Батырбек Алдабергенов (Павлодар облысы) және тағы басқалар қатысты. Пікірсайыс барысында алдағы уақытта осы саланы реттеуге арналған стратегиялық құжаттарды әзірлеу мәселелері көтерілді. Парламентшілер ветеринариялық қауіпсіздікті технологиялық тұрғыда шешу және оны мамандармен қамтамасыз ету, сондай-ақ осы саладағы мекемелер арасындағы өзара іс-қимылдағы өзекті мәселелерді саралады. Кездесуді қорытындылай келіп, комитет төрағасы С. Плотников талқылау нәтижесі бойынша ұсыныстар әзірленетінін айтты және олар үкімет пен министрліктерге жіберілетінін, сондай-ақ бұдан былайғы заң шығару барысында ескерілетінін атап өтті.

 

 

 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды