- Басты
- Жаңалықтар
- АҚШ ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу туралы шартқа қол қойды
АҚШ ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу туралы шартқа қол қойды
«АҚШ әлемнің жетекші экономикасы және жаһандық энергетика нарығындағы басты қатысушылардың бірі болғандықтан, оның көрмеге қатысуы біз үшін аса маңызды», – деді А. Есімов.
Ұлттық компанияның ақпараты бойынша, тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан мен АҚШ арасында өзара тиімді әріптестік пен жоғары сенім негізінде достық қарым-қатынас қалыптасқан.
«Біз бұл сәтті ұзақ күттік және өте қуаныштымыз. Қазақстан біз үшін өңірдегі стратегиялық әріптес және біз бұл оқиғаға қатыспауымыз мүмкін емес. Бұдан бөлек, ЭКСПО көрмесінің «Болашақтың энергиясы» атты тақырыбы Қазақстан үшін де және АҚШ үшін де маңызды», – деп атап өтті Дж. Кролл.
Айта кету керек, АҚШ – жаңартылатын энергия көздері саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі. Өткен жылы Штаттарда қолданысқа енгізілген күн электр станцияларының қуаттылығы 95% өсіп, 14,5 гигаватт құраған.
Бұдан бөлек, ірі американдық компаниялар «жасыл» технологияларға баса назар аударады. АҚШ жаңартылатын энергия көздері және «жасыл» технологиялар саласындағы өзінің бай тәжірибесі мен озық әзірлемелерін ұсынбақ. Демеушілік туралы шартқа «Дженерал Электрик» компаниясы қол қойған.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады