- Басты
- Жаңалықтар
- «ҚазАгро» даму стратегиясында Жолдауды жүзеге асыру көрініс табады – Малелов
«ҚазАгро» даму стратегиясында Жолдауды жүзеге асыру көрініс табады – Малелов
Холдингтің Басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов өз баяндамасында бағдарламалық құжаттың басты, негізге алынатын аспектілері туралы айтып өтті, ұйым қызметкерлерінің назарын республиканың ауыл шаруашылығына, елдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға, атап айтқанда «ҚазАгро» холдингінің қызметіне қатысты қойылған міндеттерді шешуге аударды.
«ҚазАгро» холдингінің басшысының айтуы бойынша, қазіргі замандағы технологиялық жағдайдың радикалдық өзгерісі экономиканың әлемдік өсімінің жаңа моделіне ауысуды талап етеді. Осы жылғы халыққа Жолдауы Қазақстанның үшінші жаңғыруына арналған, онда 30 озық елдің қатарына кіруді қамтамасыз ету көзделген.
Жолдауда айтылғандай, жаңғырту бес басым бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады: бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы; екінші басымдық – бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту; үшінші басымдық – макроэкономикалық тұрақтылық.
Мұндағы басты міндет – ақша-несие саясатының ынталандырушы рөлін қалыпқа келтіру және экономиканы қаржыландыруға жекеменшік капитал тарту; төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту, онда Президент үш тілді оқуға көшудің маңыздылығын атап өтті; бесінші басымдық – институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты.
Президент өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында АӨК дамуына ерекше көңіл бөлді. Мемлекет басшысы бұл салада бірқатар іс-шараларды өткізу қажеттігі туралы атап өтті, олар АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген: субсидияларды бөлу қағидаларын қайта қарастырып және өнімді сақтандыруға көшу; 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасау; өнімнің өңдеу сапасын жақсартып, тауарларды сақтаудың, тасымалдаудың және өткізудің тиімді жүйесін құру; еңбек өнімділігінің деңгейін арттыру.
Елбасының «ҚазАгро» холдингін қайта құрумен байланысты қойылған міндеттерге қатысты, Нұрлыбек Малелов Холдингтің атқаратын бірқатар қызметі оңтайландыратынын, ал олардың кейбіреуін жеке секторға беру жоспарланады деп атап өтті. «ҚазАгро» холдингінің қызметін қаржыландырудың негізгі көзі бюджеттен тыс қаражат болуы қажет. Холдингтің басшысы айтқандай, қайта ұйымдастыру екі ірілендірілген міндеттен тұрады. Біріншіден, бәсекелес ортаға бірқатар еншілес және тәуелді компанияларды беру. Екіншіден, іске асырылатын қызметтері мен АӨК субъектілерін қолдау бағдарламасын оңтайландыру.
Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспарының шеңберінде 3 еншілес компанияны бәсекелес ортаға беру жатады: «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ және «Қазагромаркетинг» АҚ және ЕАҚ 17 тәуелді ұйымдары. Бүгінгі күні 4 ұйымның қатысу үлесі сатылды –2 шағын несиелеу ұйымдарында және 2 мал шаруашылығы жобаларында.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық жоспарланған нысандар 2018 жылдың аяғына дейін сатылатын болады.
Қызметті оңтайландыруға қатысты талқылау барысында Қазақстан дамыған елдердің тәжірибесі бойынша экономиканың құрылымын қалыптастыруға ұзақ мерзімді бағыт алды, бұл арада мемлекет жеке бизнес табысты атқаратын қызметпен айналыспайды.
Мемлекет ынталандыру мен жағдайлар жасайды, осы ретте жеке қаржы ұйымдары саланы өз бетінше несиелейді, ал қарыз алушылар ұсынылған шарттарға, көрсетілген қызмет сапасына бағдарланып несиелеуші мекемені таңдау мүмкіндігіне ие болады. Әрине, осындай моделге көшу тез арада бола қоймайды. Бұл қорландыру мәселесінен басқа, салалық тәуекелдерді сақтандырудың тиімді жүйесінің қалыптасуы, несие кооперациясының жүйесін институционалдық дамыту жөніндегі міндеттерді шешуді қажет ететін бірізді процесс. Бұл бағыттағы маңызды қадамдардың қатарында – ауылшаруашылық лизингі нарығынан мемлекеттің шығуы, АӨК субъектілерін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы тікелей несиелеуді қысқарту және т.б.
Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауды қорытындылай отырып, Нұрлыбек Малелов «ҚазАгро» холдингін қайта ұйымдастыру – бұл АӨК даму институттарының жұмысын жетілдіру кезеңдерінің бірі деп атап өтті. Бұл үкімет қойған жаңа міндеттерді шешуге қажет өзгерістер. Сондықтан, Жолдауды іске асыру жөніндегі барлық шаралар Холдингтің жаңадан әзірленіп жатқан 2017-2026 жылдарға арналған Даму стратегиясында атап көрсетіледі.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр