- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада кәсіпкерлерге МЖӘ жобаларын жүзеге асырудың механизмдерін түсіндірді
Астанада кәсіпкерлерге МЖӘ жобаларын жүзеге асырудың механизмдерін түсіндірді
Қарағанды облысы мен Астана қаласы әкімдігінің қызметкерлері қатысқан бұл жиында төмендегі сауалдар төңірегінде нақты жауап алды.
Сонымен қатар, бизнес өкілдерінің мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс істеу келісімі және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» арқылы қаржыландырудан бастап, жобаны іске асырудан түскен табысқа дейінгі іс-әрекеттер егжей-тегжейлі талқыланды.Және ең бастысы, әр облыста сараптама қызметінсіз іске асыруға болатын жобалар іріктеліп алынып, оны қалай жүзеге асыратыны, байқау құжаттары, жоба келісімдері түсіндірілді. Бұл тәсіл мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасының іске асу мерзімін екі есеге қысқартып, тиімді нәтижеге қол жеткізуге септігін тигізбек.
«Кез келген кәсіпкер үшін нақты іс-әрекет, жоспар керек және оны жүзеге асыру барысы мейілінше оңай болуы тиіс. Біз оны қалыптастырдық, ол қалай жұмыс жасайды соны көзбе-көз отырып түсіндіріп бердік. Семинарда әр қадам, яғни жегілікті басқару орган қызметкерлерінің іс-әрекеті, кәсіпкердің құқығы мен міндеті, қандай жеңілдік қарастырылған, субсидия алу секілді маңызды мәселелер жан-жақты түсіндірілді. Бүгінгі жиналыс МЖӘ механизмдерінің жеңілдетілген үлгісін енгізудегі мемлекеттік органдар мен іскер азаматтарға түсіндіру және ауқымды әдістемелік жұмыстардың бастамасы болды. Біз мұндай жиынды еліміздің әр өңірінде ұйымдастырып отыратын боламыз», - деді «Қазақстандық мемлекеттік жеке-меншік әріптестік орталығы» АҚ Вице-президенті Айдос Көбетов.
Мемлекет басшысы Н. Назарбаев халыққа дәстүрлі Жолдауында мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің маңыздылығын айрықша атап өтті. «Жеке меншік капиталды экономикаға тарту үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің барлық жолын пайдалану керек. Мәселен, мемлекеттік мүлікті сенімді басқаруға беру, қызмет жасау келісімі т.б. Осы орайда әсіресе шағын жобаларға барынша келісім құжаттарын тез және оңтайлы жасауды ойластырған жөн. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жобалары әсіресе инфрақұрылымдық оның ішінде әлеуметтік жобаларды іске асыратын механизмге айналуы тиіс.
«Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» ҚР Заңына Мемлекет басшысы Н. Назарбаев 2015 жылы 31 қазанда қол қойды. «МЖӘ туралы» ҚР Заңының негізгі мақсаты, ортақ игіліктер мен қызметтердің қол тиімділіктері мен сапаларының деңгейін көтеруде, мемлекет пен жеке сектор арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты нығайту.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
«Тәуелсiздiк ұрпақтары» және «Профнавигация» жобаларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Жұмыспен қамту шаралары қалай жүзеге асып жатыр -
Бекшин Алматы қаласында шектеу шараларының жеңілдеу себебін түсіндірді -
НҚА жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын кімдер және қалай жүргізеді