• Басты
  • «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 15 жылда 1,5 млн отбасы тұрғын үйге ие болады
24 Ақпан, 2017 16:54

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 15 жылда 1,5 млн отбасы тұрғын үйге ие болады

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 15 жылда 1,5 млн отбасы тұрғын үйге ие болады. Бұл туралы Орталық коммуникацилар қызметіндегі баспасөз-конференциясында Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов хабарлады.
«Нұрлы жер» бағдарламасы  бойынша  15 жылда 1,5 млн   отбасы тұрғын үйге ие болады

Жеке тұрғын үй құрылысына қолдау көрсету бағдарламаның негізгі бағыты болып табылады. Азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысына дайын инженерлік инфрақұрылымы дайындалған жер телімдері бөлінетін болады. Инфрақұрылымды салуды мемлекет қамтамасыз етеді.

«Мемлекет халық үшін ипотеканың құнын жаңа құрылыстан пәтер сатып алу кезінде 10 пайызға дейін және жеке тұрғын үй сатып алу кезінде 5 пайызға дейін төмендету үшін «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ арқылы субсидиялады ұсынатын болады»-деп, атап өтті комитет төрағасы.

Өз кезегінде, құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру үшін  кредиттер бойынша «Даму» АҚ арқылы 7 пайыз мөлшерінде субсидиялар ұсынылатын болады.

«Әкімдіктер тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қатысушылары үшін несиелік тұрғын үйлер және халықтың  әлеуметтік жағдайы төмен тобына сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үйлер салуды одан әрі жалғастыруды көзделеп отыр», - деді М.Жайымбетов.

Қабылданған шаралар аясында 15 жылдық кезеңде 1,5 млн. отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделіп отыр.

2017 жылы 10 млн. шаршы метрден астам, оның ішінде мемлекеттік инвестициялар есебінен 1,6 млн. ш. метр тұрғын үйді пайдалануға беру (28 мың пәтер);бастапқы тұрғын үй сатып алуға шамамен 8000 ипотекалық қарыз беріледі; 600 мың шаршы метр тұрғын үй салуға құрылыс салушылардың несиелерін субсидиялау.

Айта кетейік, «Нұрлы жер» бағдарламасы Мемлекет басшысының 2016 жылғы  9 қыркүйектегі тапсырмаларының  және 2017 жылғы 31 қаңтардағы халыққа Жолдауының  аясында бекітіліп,  іске асырылып жатыр.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды