- Басты
- Жаңалықтар
- ҰЭМ Қазақстан өңірлеріндегі бизнес ахуалды бағалайды
ҰЭМ Қазақстан өңірлеріндегі бизнес ахуалды бағалайды
Министр «кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мен кәсіпкерлік қызметті жүргізуге қолайлы жағдайлар жасау еліміздегі бизнестің қарқындап дамуының кепілі болып табылатынын» атап өтті.
«Бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасау мақсатында өңірлер мен Астана және Алматы қалаларындағы бизнес ахуалды бағалау жүзеге асырылады. Дамыған елдердің ең үздік стандарттары мен тәжірибелерін енгізе отырып, бизнесті қайта реттеу жөніндегі жүйелі шараларды іске асыру жалғастырылады» - деп мәлімдеді Сүлейменов.
Оның айтуынша, мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» -мен ҰКП бірлесіп, наурыз айының соңына дейін мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін тексеру аяқталады, нәтижелері бойынша оларды қысқарту туралы Үкіметке ұсыныстар енгізілетін болады.
«Өткен жылы рұқсат жүйесін 50 %-ға қысқарту арқылы оңтайландыру бойынша реформа жүргізілді. Осыған қарамастан, рұқсат беру жүйесін жетілдіру мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі болып кала береді. Бүгінгі таңда рұқсат беру жүйесін реформалау монополиялық және квазимемлекеттік қызметтер салаларындағы шығындарды оңтайландыру мен қысқартуға бағытталады, - деді Министр.
Сүлейменов монополист кәсіпорындар, квазимемлекеттік сектор беретін рұқсаттарға тексеру жүргізіп, оларды оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірленетінін хабарлады.
Одан басқа, Салық заңнамасын жеңілдету бөлігінде жаңа Салық кодексінің шеңберінде салық жүйесінің ашықтығын, салықтық әкімшілендіруді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар көзделетін болады. Халықаралық тәжірибені есепке отырып, салық жеңілдіктері мен артықшылықтары оңтайландырылады, тиімсіз және жұмыс істемейтін жеңілдіктер, сондай-ақ ДСҰ талаптары мен қағидаттарына қайшы келетін жеңілдіктер алып тасталды.
«Ел халқын бизнес секторына тарту үшін шағын және орта бизнес, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар тұлғалар үшін салықтық ынталандыру шаралары жүзеге асырылатын болады»,-деп қоса айтты Сүлейменов.
Оның айтуынша, бейінді министрліктер «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе отырып, ведомстволық бағынысты ұйымдарға түгендеу жүргізді, нәтижесінде жекешелендіруге жататын 103 ұйымның қосымша тізбесі анықталды.
«Мемлекет қатысатын Заңды тұлғалар (АҚ, ЖШС) (50%-дан астам) атқара алатын Қызмет түрлерінің айқын Тізбесі қалыптастырылды. Қорытындысы бойынша бәсекелес ортаға беруге жататын 35 ұйым айқындалды. 1 977 ұйым мемлекет меншігінде қалып, иеліктен шығаруға жатпайды» - деді Сүлейменов.
Ол, Жекешелендірудің кешенді жоспарын орындау шеңберінде мемлекеттік меншік объектілері мен жекешелендіруге жататын квазимемлекеттік сектор активтерін 2018 жылдан кешіктірмей өткізу жоспарланып отырғанын ескертті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді