- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Тұңғыш президентінің қоры Қарағанды музыка мектебіне 3 миллион теңгенің аспаптарын тарту етті
ҚР Тұңғыш президентінің қоры Қарағанды музыка мектебіне 3 миллион теңгенің аспаптарын тарту етті
Құжатқа Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков пен ҚР Тұңғыш Президенті қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев қол қойды.
«Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру аясында қор өзінің үлкен өңірлік бағдарламасын қолға алады. Қарағанды облысынан бастағанымыз кездейсоқ емес. Бұл жерде Мемлекет басшысы еңбек еткен. Облыста ондаған ЖОО, 500 аса мектеп пен 70 астам колледж бар. Демек, өңірдің ғылыми және техникалық әлеуеті зор», - деді Қанат Жұмабаев.
Меморандумның мақсаты жастар бағдарламаларын іске асыру және қолдау, ғылыми-техникалық, мәдени, гуманитарлық салаларда ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Нұрмұхамбет Әбдібеков қор басшылығына алғысын білдірді.
«Қарағандының жастары талапты», - деп атап өтті өңір басшысы. Қарағандылық оқушылардың олимпиадалық командасы да ел бойынша көш басында, қарағандылықтар халықаралық робототехника чемпионатында ерекше көзге түсті, дейді облыс әкімі. Ол қорға ІТ саласындағы дарынды жастарды қолдау бойынша күш-жігерімізді біріктіруді ұсынды.
«Мен - кәсіпқоймын» жобасы аясында ҚР Тұңғыш Президентінің қоры Қарағандының дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыка мектеп интернатына демеушілік көмек көрсетті. Жас музыканттарға 3 миллион теңгенің аспаптары тарту етілді.
«Сыбызғы, домыбра, синтезатор және т.б. аспаптар бар. Алдымен менеджерлер келіп, балалардың ниеттерімен танысты. Біз оларға қажетті аспаптарды алуға тырыстық», - деді Қанат Жұмабаев.
Меморандумға қол қойғаннан кейін қор өкілдері Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне барады. Студенттер мен жас ғалымдарға қордың стипендиялық және гранттық бағдарламалары таныстырылады.
2017 жылы ҚР Тұңғыш Президентінің қоры 80 аса жобаны жоспарлап отыр. 2016 жылы 73 жоба іске асырылды, оның ішінде 42-сі жастарды қолдауға бағытталған.
Қарағанды облысында ҚР Тұңғыш Президенті қорының 12 лауреаты тұрады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады