- Басты
- Жаңалықтар
- WI-FI мектептің әрбір кабинетінде болуы тиіс – Сағадиев
WI-FI мектептің әрбір кабинетінде болуы тиіс – Сағадиев
«Бүгінгі таңда мектептердің 99%-ында Интернетке қолжетімділік бар. Кем дегенде секундына 4 Мбит керек болса, бізде мектептердің 40%-ға жуығы онымен қамтамасыз етілген. «Цифрлық Қазақстан» бірінші кезекте Интернетті мектептерге орнатады. Үкімет алдағы уақытта осы мәселені шешеді деп сенеміз. Алайда, мектептердегі құрылымдық кабельдік жүйе - үлкен проблема. WI-FI әрбір кабинетте болуы тиіс», – деді ҚР БҒМ басшысы.
Министрдің айтуы бойынша, олар осы нарықты талдап, ол қолжетімді әрі қымбат емес деген қорытындыға келді.
«Әкімдіктерге мектептердің қаржыландырылуын қамтамасыз ету керек, ол бір мектепке 700 мың теңгеге жуық. Кабельдерді өткізу қажет. Оқу жылының басына қарай бұл мәселе Қазақстанның барлық мектептерінде шешіледі », – деп атап өтті Е. Сағадиев.
Сондай-ақ, министр мектептердегі компьютерлердің жетіспеушілігі проблемасын да айтып өтті.
«Біз әкімдіктерге компьютермен қамтамасыз етуде көмектесуіміз керек. Оны әсіресе ауылды жерлерде қамтамасыз ету қажет », – деді ол.
Е. Сағадиев сондай-ақ мұғалімдерге оларға тән емес функцияларды орындауға тыйым салуға шақырды.
«Мұғалімдерге оларға тән емес функцияларды орындауға тыйым салу - маңызды міндет. Оны қолға алу қажет. Бірінші кезекте, статистикалық деректерді жинаудан бастау қажет. Бүгінде бұл мәселе талқыланып жатыр», – деп мәлімдеді министр.
Алқа отырысында барлық мектептерде оқушылардың жеке шкафтары орнатылатыны туралы да белгілі болды.
Ақбота Күзекбай
-
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі -
Отан қорғаушылар күні: Егемендіктің қадір-қасиеті – ел тыныштығында -
Бірлік пен татулық – даму кепілі -
«Бизнестің жол картасы – 2025»: бизнес өкілдеріне қандай қолдау көрсетіліп жатыр -
Олжас Байділдинов: Бензин бағасының өсуі – әлемдік тенденция -
Қ.Тоқаев: Локдауннан ертерек шығудың бірден-бір жолы – вакцина