- Басты
- Жаңалықтар
- Астана және Ташкент күнделікті автобус және әуе қатынастарын ретке келтірді
Астана және Ташкент күнделікті автобус және әуе қатынастарын ретке келтірді
Тараптар сауда-экономикалық байланыстардың барлық спектрі бойынша елдер арасындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
«Қазақстан Орталық Азия өңірінде Өзбекстанның ірі стратегиялық сауда әріптесі болып табылады», – деді Президент Ш. Мирзиёев.
Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары А. Мамин Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанмен ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударатынын атап өтті.
А. Мамин өзбек әріптестерімен жүйелі негізде жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады. Агроөнеркәсіп кешені, химия және мұнай-химия өнеркәсібі салаларында бірлескен сауда үйлері ашылып, өзара жеткізілімдер номенклатурасы ұлғайған. Ынтымақтастықтың автомобиль жасау, туризм, мұнай-химия сияқты жаңа салалары айқындалған.
«Бірқатар инфрақұрылымдық жобалар бойынша нақты келісулер бар, соның ішінде автобус және әуе қатынасын ашу. Жуық арада Алматы – Ташкент жедел теміржол қатынасы іске қосылады. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы ынтымақтастықты реттеу туралы келісушіліктерге қол жеткізілді», – делінген хабарламада.
2016 жылы өзара сауда көлемдері ақшалай көріністе 40% артқан. 2020 жылға дейін осы көрсеткішті 1,6-дан 5 млрд долларға дейін ұлғайту міндеті қойылған.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы