- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы жол»: Алматы облысында 2017 жылы 31 мектеп ашылады
«Нұрлы жол»: Алматы облысында 2017 жылы 31 мектеп ашылады
Л. Тұрлашовтың айтуынша, облыста 3 жылда «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 109 жобаға 85,3 млрд. теңге бөлінді. Оның 69 жобасына 2016 жылы 38,3 млрд. теңге қарастырылды. Қаржы толықтай игерілді.
Мәселен, білім саласының 30 нысанының, оның ішінде 23 мектеп пен 3 балабақша инфрақұрылымын дамыту аясында 23,6 млрд. теңге игерілді. 7 мектеп пен 3 балабақша пайдалануға берілді.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында шағын жəне орта бизнестің 4 жобасына инженерлік инфрақұрылым тартылып, 2,8 млрд. теңге игерілді, оның ішінде «Талдықорған» индустриалдық аймағы бүгінгі таңда өндірістік кәсіпорындарын орналастыруға дайын.
Мұнан кейін облыс әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашов биылғы жылы 76 жобаны жүзеге асыруға 35,8 млрд. теңге бөлінгенін айтты. Оның 67-cі бойынша жұмыстар жүріп жатыр, ал жаңа 9 жобаның мемлекеттік сатып алу конкурстық шараларына құжаттары дайындалу үстінде.
Облыс әкімі Амандық Баталов «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберіндегі жобаларды іске асыру аудан, қала әкімдерінің, облыстық басқармалар басшыларының ерекше назарында болуы қажеттігін атап айтты:
« Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда әр нысанға қатысты барлық жұмыстардың жүргізілу кестесі болуы керек. Бөлінген қаржыны тиімді игеру ең бастысы талап болажы. Бұл орайда барлық нысандар сапалы салынып, белгіленген мерзімінде пайдалануға берілуі керек», - деді А. Баталов.
Мұнан кейін облыс әкімі мектептердің құрылысына жеке тоқталып өтті:
«Мәселен, биылғы жылы облыста 44 мектептің құрылысы жүреді. Оның 31-і «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы салынып, биылғы жылы іске қосылуы тиіс. Аудан, қала әкімдеріне құрылыс жүріп жатқан аумақтарына аптасына бір рет барып, көріп, сол жерде жиын өткізіп тұруды тапсырамын. 20 тамызда барлық мектептер аяқталып, ал қалған уақытта ауласын абаттандыру, сынып ішін реттеу жұмыстары жүргізілсін. Білім күнін оқушылар жаңа мектептерінде қарсы алуы керек», - деді А. Баталов.
Облыс әкімі халықтың әлеуметтік әлжуаж топтарына, қолдау көрсетуді жалғастыру, жұмыспен қамтуға, жастар саясатына, жол жөндеуге, шағын және орта бизнесті дамытуға айрықша назар аударуды тапсырды.
«Мемлекет басшысы алдымызға нақты міндеттер қойды. Биылғы жылға жоспарланған барлық істер «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы 5 бағытқа сәйкес атқарылуы қажет», - деді А. Баталов жиын қорытындысында.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр