- Басты
- Жаңалықтар
- Солтүстікқазақстандықтардың орталықтандырылған суға қолжетiмдiлiгi 56 пайызға дейiн өстi
Солтүстікқазақстандықтардың орталықтандырылған суға қолжетiмдiлiгi 56 пайызға дейiн өстi
2016 жылдың қорытындысы бойынша «2020 жылға дейiн өңiрлердi дамыту» бағдарламасы шеңберiнде екi елдi мекенде сумен жабдықтау жақсарды, 2 ауылға ауызсу берiлдi. Ауылдардың орталықтандырылған суға қолжетiмдiлiгi 56 пайызға дейiн өстi (2015 жылдың соңында 55,8 пайыз).
Бұл жобаны жүзеге асыру қолданыстағы тозығы жеткен сумен жабдықтау желiлерiн 2020 жылға дейiн 72 пайыздан 60 пайызға дейiн төмендетуге мүмкiндiк бередi.
««Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2017 жылы 683 миллион теңгеге Петропавл қаласында су тарту бойынша 6 жобаны жүзеге асыру басталады», - делінген хабарламада.
2015 жылы жаңарту барысында жылу-электр орталығында құны 5,6 миллиард теңгенiң №1 трубоагрегаты iске қосылды. Аталмыш турбина электр қуатын 63 МВт-ға (479 МВт-ға дейiн) арттырды. Өткен жылы құны тиiсiнше 3,4 және 6,6 миллиард теңге болатын №12 жылыту қазандығы агрегаты және №5 турбиналық агрегатын iске қосу белгiленген қуаттылықты 479-дан 541 МВт-ға дейiн арттыруға мүмкiндiк бердi.
Жылу желiлерiн жаңарту жобаларын одан әрi жүзеге асыру 2020 жылы құбырлардың тозуын 62 пайызға дейiн төмендетуге мүмкiндiк бередi.
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
Тоқаев: Тәртіп сақшыларының еңбекақысы 30 пайызға артады -
ТДМ: «3.2.1. Старт!» жастар жобасына қалай қатысуға болады, талаптары қандай -
Astana Hub: Инвесторларға арналған курсқа қалай қатысуға болады -
Қазақстанда азық-түлік бағасы қанша пайызға қымбаттады, бағаны тұрақтандыру үшін қандай шаралар қабылдануда -
Р.Скляр: Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,8 пайызға өсті -
ИНФОГРАФИКА: 3 апталық карантин нәтижесі. Тәуліктік өсім 1,7 пайызға дейін азайды -
Қасым-Жомарт Тоқаев: Ел экономикасы жыл басынан бері 1,8 пайызға төмендеді -
ИНФОГРАФИКА: 2020 жылы әлеуметтік төлем шығыстары 20 пайызға артты