- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО-2017 көрмесіне Малайзияның 50-ден астам технологиялық компаниялары қатысады
ЭКСПО-2017 көрмесіне Малайзияның 50-ден астам технологиялық компаниялары қатысады
Кездесу барысында Д. Сарекенов Қазақстан-Малайзия қарым-қатынасының дамуы туралы баяндады. Елші Қазақстан мен Малайзия әріптестігін дамытудың негізгі аспектілеріне тоқталып, екі елдің арасындағы байланыс әріптестіктің барлық саласында басым екендігін және тереңдете түсуге қажетті басымдықтың барын атап өтті.
"Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында малайзиялық компаниялар мен инвесторлардың қатысуымен ұзақ мерзімдік мұнай-газ, ауылшаруашылық және құрылыс салаларында құны 1 млрд. АҚШ доллары болатын жобалар жүзеге асырылуда", - деді қазақстандық дипломат.
Д. Сарекеновтың айтуынша, «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Малайзиямен исламдық қаржыландыру, инфроқұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, құрылыс жобалары және басқа да басым салалар бойынша сауда-экономикалық және инвесторлық әріптестік дамып келеді.
Екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестікті дамыту мәселесінде 2017 жылдың мамыр айында өтетін Қазақстанмен Малайзияның Бірлескен сауда-экономикалық комитетінің (БСЭК) және Іскерлік кеңес отырыстары айтарлықтай маңызға ие.
Сонымен қатар, Елші Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмеге Малайзияның 50 алдыңғы қатарлы технологиялық компаниялары қатысатындығын жеткізді. Сондай-ақ, көрме барысында Ұлттық күнді ұйымдастыру аясында Малайзия Премьер-Министрінің Қазақстанға сапары қарастырылып жатқаны атап өтілді.
Екі ел арасындағы сауда әріптестікті белсендендіру мақсатында Елшілік Малайзияның ірі экспорттаушыларымен және инвестициялық компанияларымен Ляньюнган порты айлағы арқылы «Батыс Европа-Батыс Қытай» құрлықаралық дәлізі бағытында жүк тасымалын ұлғайту бойынша жұмыс істеуде.
Бұдан бөлек, Елші журналистерді 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендіру туралы мемлекеттік бағдарламаға малайзиялық компанияларды тарту, сонымен қатар, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жоғары технологиялық инфроқұрылымдар мен құрылыстық жобаларды жүзеге асыру барысын таныстырды.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді