- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада е-ПИК жобасы 2017 жылдың тамызында іске қосылады (ВИДЕО)
Астанада е-ПИК жобасы 2017 жылдың тамызында іске қосылады (ВИДЕО)
«Жобаның мақсаты - пәтер иелеріне үйді басқару мен қамтамасыз ету бойынша қолайлы жағдай жасау. Бүгінгі таңда аталмыш жобаға республиканың барлық өңірінен 15-тен артық компания қатысуда. Аталмыш компанияларға пилоттық учаскелер ұсынылды. Олар өз жобаларын алаңда тәжірибеледі. Жұмыс қорытындысы бойынша, мониторинг жүргізілуде, е-КСК жобасын жүргізу бойынша компаниялар сараптамасына тұрғындар, Астана әкімдігі, тұрғын үй инспекция басқармасы қатысады», – деді Р.Сағнаев.
Жобаның техникалық жағын «Astana Innovations» АҚ жобасының жетекшісі байқап қайтты, ол аталмыш портал кең мағынаға ие екенін айтты, жоба – ақпараттық жүйе, оның құрамына портал, мобильдік қосымша, әңгімелесу платформасы енеді.
«Аталмыш ақпараттық жүйе арқылы қарапайым қызметтер жүзеге асырылады, ПИК тарапынан хабарландыру, тұрғындар тарапынан өтініштер мен арыздар, әкімдікке компанияға қызмет ететін ұйымға арыздану сынды істерді жүзеге асыруға болады», - деді Б.Жақыпов.
«Astana Innovations» төрағасы айтып өткендей, жобаны жүзеге асыру аясында жұмыс тобы құрылды, оның құрамына әкімдік өкілдері мен ПИК, коммуналдық қызмет, «Astana Innovations» өкілдері енеді.
«Біз аталмыш ақпараттық жүйеге техникалық талаптарды әзірлеп жатырмыз. Пилоттық жоба соңында қалаға жариялау үшін нақты талаптар қойылатын болады», - деді Б.Жақыпов.
Спикерлер атап өткендей, аталмыш жоба тегін негізде әзірленген инвестициялық жоба болып табылады. Әзірлеуші компаниялар есебінен болғандықтан тұрғындарға қаржылық салмақ түспейді.
«ПИК тоқсанаралық есебін жариялап отырады, тұрғындар ПИК рейтінгін көре алады. Егер ПИК-тің кейбірінің жұмысы қанағаттандырмаса, тиімді жұмыс істейтіндерді таңдай алады», - деді Р.Сағнаев.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Астананы зияткерлік және қазіргі заманғы 50 қаланың құрамына ену міндетін қойды. Елбасы 2017 жылы EXPO-2017 инфрақұрылым құрылысын «ақылды қала» негізінде салу тапсырылған болатын. «100 нақты қадам» бағдарламасы Астананы Еуразияның ғылыми, мәдени және ғылыми орталығына айналдыруды көздейді. Бұл туралы 69-қадамда жазылған.
Қайрат Жандыбаев
Видео: Армана Мұхатов
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды