- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жыл қорытындылары бойынша республикалық бюджетте 110 млрд теңге үнемделген
2016 жыл қорытындылары бойынша республикалық бюджетте 110 млрд теңге үнемделген
«2016 жылғы мемлекеттің бюджеттің атқарылуында жоғары қарқын байқалады. Мемлекеттік бюджет кірістері 101,1% атқарылып, 9,3 трлн теңгені құрады. Бұл алдыңғы жылдан 1,7 трлн теңгеге немесе 22% артық», – деді қаржы министрі.
Республикалық бюджет кірістерінің деңгейі трансферттерді есепке алмағанда, 109,1% атқарылған – бұл 4,5 трлн теңгеден астам.
Б. Сұлтановтың айтуы бойынша, артық орындау бюджетке салықтардың күтілгеннен 358 млрд теңгеге артық түсуі есебінен қамтамасыз етілген.
«Сондықтан біз Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті азырақ алдық. Болашақта Ұлттық қордан бюджетке кепілдендірілген трансферт мөлшері 2020 жылдан бастап 2 трлн 880 млрд теңгеден 2 трлн теңгеге дейін біртіндеп қысқаратынын атап өту қажет. Бұл Мемлекет басшысының біздің стратегиялық қорларымызды ұтымды пайдалану жөніндегі тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Жергілікті бюджет кірістері бойынша да жоспар артық орындалған – 120,4%», – деп баяндады Қаржы министрлігінің басшысы.
Мемлекеттік бюджет шығыстары 2015 жылға қарағанда 1,5 трлн теңгеге артық.
«Орындау пайызы 98,2% құрады. Жыл қорытындылары бойынша республикалық бюджет бойынша Үкіметтің бөлінбеген қорлары, сондай-ақ бюджет қаражатының үнемделуі есебінен 110 млрд теңге үнемделген. 36 млрд теңге игерілмей қалған. Әкімшілер тарапынан себептер – келісімшарттар жасау талаптарының өзгеруі және жұмыс кестесінен артта қалу», – деді Б. Сұлтанов.
Министр «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 472 млрд теңге немесе 100%-ға жуық игерілгенін қосты.
Ақбота Күзекбай
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген