- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев Тәжікстан Президентін Ислам Ұйымының саммитіне қатысуға шақырды
Н.Назарбаев Тәжікстан Президентін Ислам Ұйымының саммитіне қатысуға шақырды
Кездесу барысында Тәжікстан мен Қазақстанның екіжақты және көпжақты ықпалдастықтығының өзекті мәселелері талқыланды. Қазақстан Елшісі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның атына 2017 жылғы 10-11 қыркүйекте Астана қаласында өтетін Ислам ынтымақтастығы ұйымының Білім және технологиялар жөніндегі бірінші саммитіне қатысу үшін шақыруын табыс етті.
Елбасы өз шақыртуында Э. Рахмонның Саммитке қатыса алатындығына үміт білдірді.
Бұдан кейін Елші Министрді Қазақстандағы мемлекеттік билік арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша Халыққа үндеу және «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдау мазмұнымен таныстырды.
Атап айтқанда, алдағы реформалау барысында Мемлекет басшысы өзінің 40-қа жуық өкілеттігін Парламент пен Үкіметке беретіні аталды. Президент үшін жаңа стратегиялық міндеттер билік бұтақтары арасындағы рөлді арттыра түседі. Сонымен бірге, Президент сыртқы саясат, ұлттық қауіпсіздік және елдің қорғаныс саласын қадағалайды. Сондай-ақ, Жолдау аясында Мемлекет басшысы елдің жаһандық бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсудің жаңа үлгісін жасау міндеттемелерін қойды.
Сұхбат соңында қазақстандық дипломат С. Асловқа кездесу үшін алғысын білдіріп, қазақстан-тәжікстан арасындағы стратегиялық ынтымақтастыққа дайын екендігін жеткізді.
-
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
COVID-19:Ұлыбритания келесі аптада вакцинациялауды бастайды, ал Макрон мен Меркель Еуропа елдерін бірыңғай саясат ұстануға шақырды -
ТДМ: «3.2.1. Старт!» жастар жобасына қалай қатысуға болады, талаптары қандай -
Astana Hub: Инвесторларға арналған курсқа қалай қатысуға болады -
Пандемия кезінде еріктілер көп еңбек етті – Еріктілер ұйымының төрайымы -
Денсаулық сақтау вице-министрі: Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек ретінде өкпе желдеткіш аппараттарын жыл соңына қарай жібереді -
Тоқаев қазақстандықтарды дүрбелеңге салынбауға шақырды -
ҚР Президентінің 2020 жылғы 29 маусым мен 5 шілде аралығындағы апталық жұмысына бейне шолу -
Сапарбаев жамбылдық шаруаларды ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға шақырды -
Жақыныңа жанашыр бол: Вирус жұқтырған елордалық халықты санитарлық талаптарды сақтауға шақырды