- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысының 5 ауданында түйе сүтін қабылдау орындары ашылады
Маңғыстау облысының 5 ауданында түйе сүтін қабылдау орындары ашылады
«Маңғыстау облысында түйе өсіру перспективалы бағыт болып табылады, себебі бұл ет, сүт және жүн алуға мүмкіндік береді. Дегенмен, ауыл кәсіпкерлері түйе шаруашылығы өнімін өткізумен байланысты проблемаларды бастан кешіруде. ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің деректері бойынша елдегі түйе басының 30%-ы Маңғыстауда шоғырландырылған, яғни 179 800 түйенің 48 700-і маңғыстаулық жайылымдарда бағылады», - делінген хабарламада.
Осы ретте, ауылдық кәсіпкерлер сүт және ет өнімін өткізумен байланысты проблемаларды бастан кешіруде. Жүн өткізу мәселелері бойынша қиындықтар да бар. Түйе сүтіне субсидиялардың жоқтығы мәселесі орын алады.
Жуық арада түйе сүтінің шет елдерге, атап айтқанда, БАӘ экспортының басталуы күтілуде. Осылайша, индустриялық палата өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуға едәуір үлес қоспақ.
«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттік Дубаида отандық тауар өндірушілер форумын ұйымдастырған болатын, оған Маңғыстау индустриялық палатасы жанындағы «Болашақ» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің өкілдері қатысты.
Бұрын бұл кооператив лизинг бойынша «МаңғыстауАгроСервис» кәсіпорнынан сүт өңдеу жабдығын алған болатын. Дубаиде өткен форумда біріккен әмірлік тұрғындары таза түйе сүтін жоғары бағалап, біздің өнімді сатып алуға дайын екендерін жеткізді.
Осылайша, қазіргі уақытта «Болашақ» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі облыстың бес ауданында (Түпқараған, Қарақия, Мұнайлы, Маңғыстау және Бейнеу), сондай-ақ Ақтау және Жаңаөзен қалаларында түйе сүтін қабылдау орындарын ашуға ниетті. Бұдан бөлек, ауылдық кәсіпкерлер үшін оқыту семинарларын өткізу жоспарланып отыр.
-
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері