Қарағандыда балалар темір жолына бюджеттен 4 млн теңге бөлінді

23 Ақпан, 2017 16:09
Қарағандыда орталық мәдениет және демалыс саябағында балалар теміржолын жөндеуге 2017 жылы қалалық бюджеттен 4 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы Қарағанды әкімдігінен хабарлады.

Жалпы, теміржолда ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізуге 4 миллион 240 теңге қарастырылған. Тиісті қаржы мәдениет, демалыс саябақтары және гүлбақтар басқармасына бөлінді. 

320 дана шпалды ауыстырып, тепловоздың арбаларын және электрқозғалтқыштарды, тамбурды жөндеу жоспарланған.

Сонымен қатар, вагондарды бояу, рельс жолдарына қызмет көрсету жұмыстары қолға алынбақ.

Барлық жаңалықтар