- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылы инфляция 8,5% құрады - Тимур Сүлейменов
2016 жылы инфляция 8,5% құрады - Тимур Сүлейменов
Министрдің айтуы бойынша, жұмыссыздық деңгейі 5% құрады. Экономикалық белсенділікті жақсартудың негізгі факторлары «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы және дағдарысқа қарсы жоспар аясында экономиканы қолдау болды.
«Макроэкономикалық тұрақтылық пен мемлекеттік қаржының теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін бюджеттік саясат бірқатар қазыналық шектеулердің негізінде қалыптасты, олардың негізгісі бюджет тапшылығының мөлшерін басқару болып табылады. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы Мемлекет басшысы Ұлттық қор қаражатын пайдалануды қалыптастырудың жаңа тұжырымдамасы бекітілген болатын, онда 2020 жылға дейін Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт мөлшерінің қазіргі 2,880 млрд теңгеден 2 мың млрд теңгеге дейін едәуір төмендеуі көзделген. Осылайша, біздің экономикалық шешімдерімізде бюджет кірістеріне сүйенуге тура келеді, сәйкесінше, экономикалық белсенділікті кеңейту, салық базасын кеңейту талап етіледі. Бұл – кейінгі жылдарға арналған басты міндеттердің бірі», - деді министр.
Қаржылай қолдау шараларынан басқа, бизнес-климатты жақсарту, бәсекелестікті дамыту бойынша шаралар қабылданған.
«Экономиканы қолдауға 1,7 трлн теңге бағытталды. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 739 млрд теңге бөлініп, 100 мыңнан астам жұмыс орны ашылды», - деп атап өтті ведомство басшысы.
Ақбота Күзекбай
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
ӘЭД: Инфляция, азық-түлік бағасының қымбаттауы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Абай жылының айшықты тұстары -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
ҚР экономикасы: Инфляция, теңгенің құнсыздануы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді