Солтүстік Қазақстанда 2017 жылы 16 тұрғын үй салынады

23 Ақпан, 2017 20:43
2016 жылы 619 пәтерлiк 7 тұрғын үй, сондай-ақ, «СевКазЭнерго» АҚ қызметкерлерiне арналған 90 пәтерлiк бiр үй салынды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жұмысшы жастарға арналған 5 қызметтiк тұрғын үй және облысымыздың бес ауданында 135 пәтерлiк 6 жатақхана пайдалануға берiлдi.

Сонымен қатар, 2016 жылы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ-ның салымшылары және жергiлiктi атқарушы органдарда кезекте тұрған тұрғындар үшiн 834 пәтерлiк 10 тұрғын үйдiң құрылысы басталды, оның 3-еуi былтыр пайдалануға берiлдi.

Қалған 7 үйдiң құрылысы (келiсiмшарт мiндеттемелерi бойынша) 2017 жылы аяқталады. 1446 пәтерлiк 16 тұрғын үй iске қосылады.

 

Барлық жаңалықтар